Қатерлі ісіктің дамуына ықпал ететін тетік табылды
Қатерлі ісіктің дамуына ықпал ететін тетік табылды
3 жыл бұрын 2133 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық биологтер обырдың дамуына алып келетін гендік мутацияны тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл тараптағы зерттеуін лейкемия (ақ қан ауруы) саласында жүргізген, десе де бұл тетік өзге де онкологиялық ауруларда кездеседі. Чапел-Хилдегі Солтүстік Каролина (UNC) университетінің және Линебергер атындағы UNC кешенді онкология орталығының ғалымдары өз кезегінде қатерлік ісіктің дамуына жол ашатын нақты гендерді белсендіретін биофизикалық тетікті тапты – туыс емес екі генді біріктіретін мутация, мәселен, су мен май секілді бір-біріне қосылмайтын сұйықтықтардың қосындысы кезінде орын алатын процеске ұқсас процесті – фазалардың физикалық бөліну процесін бастайды. Фазалардың бөліну процесі барысында жасуша ядросының ішінде компартмент – қатерлі ісіктің дамуына ықпал етуі мүмкін, физикалық қасиеті әр түрлі ұяшықтар пайда болады. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен UNC медицина мектебінің биохимия, биофизика және фармакология кафедрасының доценті дәрігер Грег Уанның (Greg Wang) айтуынша, фазалардың бөлінуі мен оның қатерлі ісіктің дамуындағы рөлінің осы ауруды түсінуге әрі биология мен физиканы біріктіретін көп сатылы, аса күрделі процеске басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді. Жұмбағы көп бұл процестің сырын ашу үшін ғалымдар NUP98-HOXA9 деп аталатын біріккен ортақ гені бар қатерлі ісікке тәжірибе жүргізіп көрген екен. Қалыптан тыс бұл бірігу лейкемиядан (ақ қан) зардап шегетін науқастың қан жасушаларында кездеседі. Мұндай аномалия тек лейкемияға ғана тән емес, сонымен қатар, өзге де обыр түрлерінде кездесетінін жеткізді осы зерттеуге атсалысқан UNC медицина мектебінің жасуша биологиясы мен физиологиясы кафедрасының доценті Дуглас Фанстиэл (Douglas Phanstiel). Бұл тетіктің сыры ашылса, оның айтуынша, қатерлі ісікті емдеудің инновациялық тәсілі табылмақ. NUP98-HOXA9 істеп шығаратын ақуызда ішкі реттілігі жоқ аймақ немесе IDR деп аталатын құрылымдалмаған аймақ кездеседі. IDR-дің нендей рөл атқаратыны осы күнге дейін жұмбақ болып келген еді. Соңғы зерттеу нәтиесі көрсеткендей, IDR жасуша ядросында NUP98-HOXA9 ақуызы шектен тыс шоғырлану деңгейіне жеткенде аталған ақуыз үшін сұйықтықтың бөліну фазасын қалыптастыратын болып шықты, нәтижесінде NUP98-HOXA9 фазалық кешенге айналады. UNC ғылыми қызметкері  Жон Хеон Ангтің (Jeong Hyun Ahn) айтуынша, бұл фаза NUP98-HOXA9 ақуызының әрекетін өзгертеді – нысана генмен байланысуды арттырады. Яғни, ДНҚ-ның NUP98-HOXA9 ақуызымен байланысуы суперэнхансер деп аталатын өзгеше паттернді (жүйені) генерациялайды, яғни, қалыптастырады, яғни, NUP98-HOXA9 ақуызы ДНҚ-мен неғұрлым терең байланысұан сайын қатерлі ісік агрессиялық сипат алады. Аталмыш зерттеуді жүргізген ғалымдар NUP98-HOXA9 ақуызы қалыптастыратын сұйық тамшының ьөлу фазасын бұзатын дәрі жасауға болатынын алға тартып отыр. Теориялық тұрғыдан. Сондай-ақ, бұл дәрі, дәлірегі, фазаның қалыптасу процесін бұзатын тәсіл өз кезегінде өзге де Альцгеймер секілді қатерлі ауруларды емдеуге келетінін жеткізді.

0 пікір
Мұрағат