Қарынға майдың байлануына үш себеп әсер етеді
Қарынға майдың байлануына үш себеп әсер етеді
3 жыл бұрын 1194 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дарья Нечаева есімді ресейлік эндокринолог және диетолог эндокриндік жүйе қызметінің бұзылуынан немесе ауытуынан «гормоналды қарын» деп аталтын синдромның пайда болатынын алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Zakon.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл дертке шалдыққан адамның тамақтану рацоны мен режимі өзгермесе де толып, мықынына, қолдарына май байланып, бет әлпетің толады. «Доктор Питер» деп аталатын порталған берген сұхбатында ол мұндай ауытқуды гипертиреоздан (қалқанша безінің гармонын әдеттегіге қарағанда көп бөле бастауы), өсу гормонының шектен тыс көбеюінен немесе организмдегі тестостерон деңгейінің төмендеуінен байқауға болатынын жеткізді. Егер артық салмақтың пайда болуы эндокриндік жүйедегі ауытқудан орын алса, алдымен осы аталған жүйені емдеу керектігіне тоқталды. Гормоналды фон қалыпқа келгеннен кейін дене салмағы өздігінен түседі. Әлбетте, құнарлы тағам өнімдерін мөлшерден  артық тұтынбағанда және дене қимылының белсенділігін жоғалтпағанда ғана дене салмағы қалыпқа келетінін ескеру керек. Кортизолдың бөлінуі де тер астында майдың жиналуына ықпал етеді. Бұл гормонның стресс кезінде көптеп бөлінетіні белгілі болып отыр. Жаңалық сипатындағы материалды дәрігердің тағайындайтын емімен қатар қоймау керек, жоғарыда аталған белгілер білінген жағдайда денсаулығындағы кінәраты барлар алдымен білікті мамандарға тексерілуді кеңес етеді.

0 пікір
Мұрағат