Қарағандылық дәрігерлер жүрек жасушаларын мұздатуды үйренді
Қарағандылық дәрігерлер жүрек жасушаларын мұздатуды үйренді
6 жыл бұрын 2971 baq.kz

Қарағандылық дәрігерлер ырғақсыздықты тудыратын жүрек жасушаларын мұздатуды үйренді. Өкпе тамырларын криоабляциялау әдісін қолдану бойынша шеберлік сыныпты Алматының алдыңғы қатарлы кардиохиругртері өткізді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды. 

Өкпе тамырларын криоабляциялау – науқасты ырғақсыздықтан және жүрек алды бүлкілдеуінен (фибрилляция) арылтатын әдіс. Мұндай ота жасау кезінде экстремалды төмен температуралар қолданылады – миокард жасушаларына азоттық сұйық тотығы арқылы әсер етіледі.

«Бұрындары ырғақсыздық пен жүрек алды бүлкілдеуін кертартпа әдістермен емдейтін: дәрі-дәрмекпен және «лабиринт» отасы арқылы – патология тудыратын жасушаларды радиожиілік сәулелендірумен күйдіру арқылы. Бірақ, ондай ота ұзақ уақытты талап ететін және күрделі болған. Криоабляция тәсілімен жасалатын отаға бір жарым-екі сағат уақыт жұмсалады, төмен температураларды қолданғанда жүрек бұлшықеттері мен тамырларының зақымдану қаупі анағұрлым төмендейді», - деді Қарағанды облыстық кардиохирургия орталығының директоры Арыстан Мағзұмов.

Ота жасау кезінде жергілікті анестезия қолданылады, ол өз кезегінде науқастың ояу жатуына мүмкіндік береді. Оңалуға небәрі 3-4 күн уақыт қажет. Криоабляция әдісі ырғақсыздықтың, қан ұюдың және инсульттің қайталануы қаупін айтарлықтай төмендетеді.

Екі күн аралығында облыстық кардио орталықта он емделушінің ырғақсыздығы «мұздатылды». Ота жасатқан алғашқы науқастардың бірі Гагаринский ауылының тұрғыны 51 жасар Владимир Рычко болды.

«Маған кеше таңертең ота жасады. Ал бүгін мен өзімді тамаша сезініп отырмын, қазір дәрігерлер жіпті алып тастайды. Толыққанды өміріме тез ораламын деп ойлаймын», - дейді ол.

Мұндай отаның өзіндік құны шамамен 2 миллион теңгені құрайды. Алайда, Қазақстан азаматтары үшін ол кепілді тегін медициналық көмек тізіміне кіреді.

0 пікір
Мұрағат