Қанның қатерлі ісігінің жасушаларын зиянсыз ететін тетік табылды
Қанның қатерлі ісігінің жасушаларын зиянсыз ететін тетік табылды
2 жыл бұрын 2033 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Лейкемия - қалыпты қан жасушаларының жетіспеушілігіне байланысты әдетте сүйек кемігінде басталып, аномалды қан жасушаларының көп мөлшерін тудыратын қан ісіктерінің тобы. Бұл жайында islam.kz порталы Leukemia беделді мерзімді басылымына жарияланған аталмыш зерттеу нәтижесіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қан кету, дененің көгеруі, сүйектің қақсауы, шаршау, қалтырау және инфекциялық ауруларға шалдығу қатерінің артуы - лейкемияның симптомдары. Лейкемияның пайда болуның нақты себебі әді күнге беймәлім, десе де ғалымдар мұнай қаупті дертке шалдықтыруы мүмкін факторлар мен әдеттерді атап өткен еді: белгілі бір деңгейде генетикалық, яғни, тұқым қуалайтын факторлардың қоршаған орта факторынан көрініс табуы, яғни, қоршаған орта жағдайының генде бар ауруды қоздыруы, ионды сәуленың әсері, бензол, химиотерапия секілді химиялық заттардың әсері, Даун синдромы, т.б. Лейкемия — балалар арасында кеңінен тараған, жиі ұшырасатын қатерлі ісік түрі, бұдан бөлек, ересектер арасында да бұл көрсекіш тым жоғары - 90%-дан асады. Қандай да бір жолмен тез өсіп, көбейетін жоғары пролиферациялық лейкоз жасушалары енді көбеймейтін қалыпты жасушаларға айналуы мүмкін бе? Испаниядағы Барселона ғалымдары, соның ішінде медициналық факултеттің адам генетикасы және биохимия кафедрасының зерттеушілері бұл тарапта «Жедел лимфобластикалық лейкоз жасушаларының макрофагтарға айналуы кезінде m6A РНҚ ландшафтының қайта құрылуы» деген тақырыппен  арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізіп көрген екен. Жоғарыда аталған мерзімді басылымда жарық көрген мақалада лейкозды жасушалардың химиялық модификацияларды (РНҚ деп аталатын өзінің генетикалық материалының бір түріне эпигенетиканы) өзгерту арқылы көбеймейтін қалыпты жасушаларға қалай айналатыны айтылады. Қатерлі ісік кезінде сау жасушалар жөнсіз, шектен тыс бөліну арқылы сипаты басқа қатерлі жасушаларға айналады. Соңғы он жылда көптеген зерттеулер сау тіннің ісік тініне айналуына жауапты әртүрлі молекулалық өзгерістерді анықтады. Соған қарамастан ғалымдар бұл бағыттағы кері процесс туралы аз біледі, дәлірегі, қатерлі ісік жасушалырының физиологиялық, қатерлі емес жасушаларға айналуына қандай тетіктердің ықпал ететінін білмейді. Қатерлі ісіктің дәрі әсерінен құтылу үшін пайдаланатын стратегияларының бірі – сыртқы келбетін өзгертуде жатыр, алайда, бұрынғысына қарағанад қатерлі ісікке ұқсап, дәріге сезімталдығын жоғалтады. Ғалымдар осынау жасуша трансформациясына (түрленуіне) атсалысатын молекулалық жолдарды анықтауды алдына мақсат етіп қойды. Олар in vitro моделін (тірі организмнен тыс, әдетте пробиркада немесе петри табақшасында жүргізілетін тәжірибе) зерттеді, онда лейкоз жасушалары макрофагтар деп аталатын зиянсыз иммундық жасуша түріне айналуы мүмкін. Бұлл тараптағы тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, қатерлі ісік жасушаларының макрофагқа айналуы химиялық жолмен өзгеруді ұйғаратын процеспен тікелей әрі тығыз байланысты – химиялық өзгеріс ақуызға айналуға ықпал ететін ақпараттық РНҚ-да жүреді. Өзгерістер, әсіресе, метилденген аденин деп аталатын эпигенетикалық белгінің таралуына әсер еткен. Бұл молекулалардың көршілес екі химиялық байланысы арасында түзілетін бұрыштың бұлайша өзгеруі лейкозды анықтайтын ақуыздардың тұрақсыздығын тудырады және микрофагтардың (қалыпты жасушаларға тән ақуыздардың) пайда болуына ықпал етеді.

Ұқсас материалдар:

«Өмір рецепторының құпиясы ашылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/omir-retseptorynyn-qupiyasy-ashyldy-16900/#gsc.tab=0);

«Қатерлі ісіктің дамуына ықпал ететін тетік табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isiktin-damuyna-yqpal-etetin-tetik-tabyldy-15438/#gsc.tab=0);

«Ақ қан ауруының өзгеше симптомдары аталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/aq-qan-auruynyn-ozgeshe-simptomdary-ataldy-14445/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат