Қанның кетуін 15 секундта тоқтататын құрал жасалды
|
Мәскеу және Рязан мемлекеттік медицина университетінің (Рязан мемлекеттік медицина университеті) ғалымдары қан кетуді 10-15 секундта тоқтата алатын гиалурон қышқылының модификациясы негізінде «ComboSpas» өнімін жасады. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Мәскеу мен Рязан мемлекеттік медицина университетінің зерттеушілер тобы суды байланыстыру қабілетімен танымал гиалурон қышқылының модификациясы негізінде қан кетуді тоқтатуға (гемостатикалық) құрал жасады. Белсенді кезінде ол қан плазмасындағы суды тез сіңіріп, каскадты коагуляция реакциясын тудырады, нәтижесінде қан кету ерекше қысқа уақытта – 10-15 секундта тоқтайды», - деп түсіндірді Рязан ММУ баспасөз қызметі. Аталмыш материалдың тағы бір маңызды қасиеті - оның антисептикалық әсерінде жатыр, дәлірегі, жарақат арқылы инфекциялық ауруға шалдықтыру қатерінен қорғайды. «Бұл өнімді клиникалық жағдайда да, түрлі жағдайда жарақат алғанда, соның ішінде ашық жара арқылы организмге қауіпті микроорганизмдер ену қаупі жоғары жол-көлік оқиғаларында тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, айрықша өнім төтенше жағдайларда қолдануды жеңілдететін жоғары адгезиялық (байлау) қасиеттеріне байланысты жараға желімдей жабыса алады. Сондықтан бұл материалдың хирургиялық тәжірибеде қолдану мүмкіндігі зор.
Ұқсас материалдар:
"Қан кетуді қас қағым сәтте тоқтатын желім жасалды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-ketudi-qas-qagym-satte-toqtatyn-jelim-jasaldy-video-16196/#gsc.tab=0);
"Іштен қан кетуді тоқтататын көбік" (https://islam.kz/kk/news/gylym/ishten-qan-ketudi-toqtatatyn-kobik-video-10876/#gsc.tab=0)