Қандай психикалық аурулар жұқпалы
Қандай психикалық аурулар жұқпалы
5 жыл бұрын 4420 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Психикалық аурулар, соның ішінде, ақыл-ес кемдігі, т.б. аурулардың тұқым қуалайтынын былайғы жұрт та, дәрігерлер де біледі. Алайда, психикалық аурулардың жұқпалылығына қатысты соңғы кезде айтыла бастаған пікірлерге сенетіндерден гөрі оны ойдан шығарылған әйеншек жорамал ретінде қабылдайтындыр қарасы көп. Десе де таяуда бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, мұндай пікірлердің де жаны бар болып шықты. Яғни, шындыққа сәйкес келетін тұстары бары анықталған. Психиатрлік емханада пациенттермен талай жыл жұмыс істеген тәжірибелі психиатр дәрігерлердің бойынан да науқасқа тән ұқсас белгілер аңғарылған. Ресейдегі Психотерия және клиникалық психология институтының психотерапевты А. В. Смирновтың айтуынша, психиатр дәрігерлер арасында күйзеліске бой алдырған, ішімдікке салынған, шизофрениялық дертке шалдыққан және өз-өзіне қол жұмсағандардың қарасы көп. Ал Мәскеу қаласындағы гештальт-институтының мамандары адамдардың топ-тобымен есі ауысқан жағдайлардың тіркелгенін алға тартып отыр. Яғни, салыстырмалы түрде аз уақыттың ішінде туған-туыстарына психикалық дертті жұқтыратын науқастардың барын жоққа шығармайды. Тарқатып айтқанда, «жұқтырып алған» науқастың интеллектілік деңгейі төмендейді, яғни, сыртқы факторларға мейлінше парасаттылықпен жауап қату қабілетінен айырылады. «Жады және таным» атты мерзімді басылымда тәжірибеге өз еркімен қатысып, психикалық науқастармен байланысқан адамдарға қатысты зерттеу нәтижесі жарияланған болатын. Мұндағы мақсат ең жұқпалы психикалық ауруларды анықтауға саятын еді. Аталмыш зерттеу нәтижесі ғалымдардың еріксіз жағасын ұстатқан еді. Психикалық аурулар арасында «жұқпалылығы» жағынан бірінші орынға тұрмыстық деңгейдегі девиация болудан қалып, психикалық ауру ретінде танылған алкоголизм шыққан. Яғни, тек дәрі-дәрмекпен емдеуге келмейтін, психикасы ұзақ жылғы ішімдік уытынан бұзылған науқастар жайында сөз болып отыр бұл арада. Ауру белгілері: галлюцинация, сандырақтау, қоғамнан оқшаулану. Мұндай науқастардан психикалық дерттің жұғу қатері 50 пайыздан асып кеткен. Бұл тізімді екінші орыннан көрінген анорексия – жұғу қатерінің шкаласындағы үлесі 35 пайыздан асқан. Соның ішінде науқастың дәрменсіз күйге түскен сәті ең қауіпті кезеңі ретінде танылған – мұндай кезде төңірегіндегілердің эмпатиясын тудыра отырып, бойындағы психикалық дертті жұқтыру қатері артады. Біз сөз етіп отырған көрсеткіш бойынша үшінші орынға жайғасқан депрессияның, яғни, күйзелістің «жұғу» қатері 30 пайыздан асады. Бұл тізімде биполярлы қапаның «жұғу» қатері шамамен 11 пайызды құрайды. Шизофрения – 7 пайыз. Тіпті, туабітті дерттердің бірінен саналатын аутизмнің өзі қатерлі болып шыққан – 5 пайыз. Альцгеймер де жұғу қатері жоғары аурулардың бірінен саналады. Десе де оның жұқпалылығына қатысты қандай да бір бұлтартпайтын айғақ немесе дәлел-дәйек табыла қойған жоқ. Десе де бұл бағытта жатпай-тұрмай жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстары көп ұзамай өз нәтижесін беріп қалады. Психиатр дәрігерлер жоғарыда аталған психикалық аурулардың біріне шалдыққан науқастардың туған-туыстарына уақыт оздырмай психиатр дәрігерлерге қаралуға, тексеруден өтуге кеңес береді. Яғни, ықтимал жұғу қатерінің алдын алу үшін қажет. Өйткені, адам миы толық зерттеле қойған жоқ.

0 пікір
Мұрағат