|
Қан тапшылығын жоятын технология пайда болды
|
Жапон ғалымдары жасанды қан әзірледі. Дегенмен, сынақ жұмыстары әлі жалғасуда. Егер сынақ сәтті өтетін болса, қан тапшылығы болмайды, қан құюға мұқтаж науқастардың арасында өлім-жітім көп азаятын болады. Өйткені, күншығыс елі ғалымдарының қаны топқа бөлінбейді, әмбебап. Барлық, соның ішінде сирек кездесетін қан тобына мұқтаж адамға құюға жарай береді. Бұл жайында islam.kz порталы moneytimes ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адам өмірін сақтап қалудағы донорлық қанның маңызын тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Онкологиялық аурулардан бастап, жол-көлік апатынан, өзге апаттарадан зардап шеккендерге дейін қанға мұқтаж. Ең қиыны – қандай топтағы қанды құюда болып тұр. Мәселен, екінші топтағы адам қан жоғалтса үшінші топқа жататын қан жарамайды, организм жатырқайды. Қан құюда пайдаланылатын негізгі компонент – эритроциттер. Оны алмастыра алатын табиғатта баламасы әлі табылған емес. Осыны ескерген ғалымдар әмбебап, жасанды қанды әзірлеу технологиясын ойлап тапты. Күншығыс елінің Хироми Сакай есімді Нара медициналық университетінің профессоры жетекшілік ететін ғалымдар тобы «мерзімі өткен» донорлық қаннан гемоглобин (қызыл қан жасушаларында оттегіні тасымалдайтын молекула) алуды үйренді және оны қорғаушы қабықшаға орналастырып, жасанды дене қалыыптастыра бастады. Бұл жерде ең маңыздысы, бұл жасанды жасушалар – вирус болмайды және ешбір қан тобына жатпайды, яғни, қан құйылуы тиіс науқас пен донорлық қанның сәйкестікті тексеру үшін уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Бұл жасанды қанның ең басты артықшылықтарының біріне – тек әмбебаптығы емес, сонымен қатар, сақталу мерзімі де кіреді. Донорлық қан ары кетсе бір айға дейін жарамлы сақтау кезінде. Ал жасанды қан екі жылға дейін жарамдылығын жоғалтпайды. Донорлық қанды сақтау үшін тоңазытқыш қажет болса, жамсанды қанға бөлме температурасы да жарай береді. Бұл тараптағы сынақтар сәтті аяқталса, 2030 жылы Жапония әлемде алғашқы болып жасанды қанды қолданатын елге айналады.