Қайырымды, мейірімді жандардың ұзағырақ ғұмыр сүретіні белгілі болды
Қайырымды, мейірімді жандардың ұзағырақ ғұмыр сүретіні белгілі болды
4 жыл бұрын 3254 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ирландиядағы Лимер университетінің ғалымдары таяуда жүргізген ауқымды зерттеу жұмыстарының нәтижесі көрсеткендей, төңірегіне құрметпен қарайтын, өзгелерді сыйлай алатын әрі ымырашыл, мәмілешіл, қысқасы, басқалармен тату-тәтті өмір сүретін адамдардың жанжалға бейім жандарға қарағанда ұзағырақ өмір сүреді. Бұл жайында islam.kz порталы «МедДейли» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың айтуынша, мұның сыры иммундық жүйенің қызметімен тікелей байланысты болуында жатыр. Егер адамның қорғаныс күшіне ауыр салмақ түссе, бұл жайт түрлі қабынуларға жол ашады, оның арты айықпас ауруларға апарып соқтыруы әбден мүмкін. Аттай 14 жылға созылған бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары кезінде тәжірибеге өз еркімен 1000-ға тарта қатысыпты. Олардың орташа жасы – 59. Психологиялық тест арқылы тәжірибеге қатысушылардың қайырымдылық, мейірімділік, қысқасы, көптеген ізгі қасиеттерінің деңгейі сарапталып қоймай, сонымен қатар, қабыну биомаркеріне қан анализін тапсырып отырды. Нәтижесінде жауапкершілігі төмен, өзгелермен тіл табыса алмайтын, қайырымдылыққа, мейірімділікке аса бейімі жоқтардың өлу қатері 40 %-ға жоғары болып шықты. Ал мейірімді, мәмілешіл жандардың жас ұлғая келе жабысатын дерттерден да салыстырмалы түрде аз зардап шегетіні белгілі болды. Иммундық жүйенің белсенділігі өз септігін тигізген.

0 пікір
Мұрағат