Полиэтиленді қорытатын бактерия табылды
Полиэтиленді қорытатын бактерия табылды
2 жыл бұрын 1481 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Нидерландыдағы теңізді зерттеу институтының (NIOZ) мамандар тобы пластмассаларды, атап айтқанда, полиэтиленді өңдей алатын бактерияны анықтады. Бұл жаңалық теңіз суын тазартуға көмектеседі. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Marine Pollution Bulletin мерзімді басылымына сітеме жасай отырып мәлім етеді. Rhodococcus ruber  бактериясы пластикті тұтынады әрі қорыта алатын болып шықты. Бұл бағыттағы тәжрибе барысында арнайы көміртегі бар полимер қолданылды, содан кейін теңіз суын ититациялаған ыдыстағы микроорганизмдер күн сәулесін алмастыратын ультракүлгін шаммен жарықтандырылды және оларды қажетті материалмен қоректендіріп көрді. Бактериялар пластик ыдырайтын судың бетінде биологиялық пленка түзген. Ғалымдардың айтуынша, олар жылына полиэтиленнің шамамен бір пайызын көмірқышқыл газына және басқа да зиянсыз заттарға ыдыратуы мүмкін. Зерттеушілер Rhodococcus ruber мұхиттың ластану мәселесін әзірге толық шеше алмайтынын атап өтті. Бактериялардың пластикті қаншалықты тиімді түрде ыдырататынын білу үшін қосымша сынақтар жүргізіледі. 2022 жылдың желтоқсан айында Чалмерс технологиялық университетінің (Швеция) қызметкерлері құрлықта және су астында пластиктің он шақты түрін ыдырататын 300 мыңға жуық бактерияны тапқанын айта кету керек. Болашақта полимердің әрбір түрі үшін тұтас микробтық қауымдастықтар құру жоспарлануда.

Ұқсас материалдар:

"Адамзатты пластиктен «құтқаратын» бактерия ойлап табылды"https://islam.kz/kk/news/gylym/adamzatty-plastikten-qutqaratyn-bakteriya-oilap-tabyldy-12320/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат