Планшет көлеміндей ғана көлік пайда болды (видео)
Планшет көлеміндей ғана көлік пайда болды (видео)
10 жыл бұрын 4708

Жапондар әлемді тағы таңқалдырды. Жұмысқа барсаңыз да немесе серуенге шықсаңыз да өзіңізбен бірге қолтығыңызға қысып алып жүруге қолайлы немесе ноутбук салатын сөмкеңізге сыйып кететін көліктің жаңа түрі пайда болды. Қажет кезінде жол ұтуыңызға көмектеседі. Жапондар, міне, осындай компактілі скутерді жұрттың назарына ұсынды. Нақтырақ айтқанда, жапондық инженер әрі Cocoa Motors компаниясының іргетасын қалаған бизнесмен Кунаико Сайто «WalkCar» деп аталатын бір адамға шақталған  индивидуалды көлік құралын ойлап тапты. Аталған құрылғы кеңінен танымал болған Segway тақтай скутерге ұқсайды. Бар айырмашылығы – одан жеңіл. Салмағы – үш келіден аспайды.120 келіге дейінгі салмаққа шыдас береді. Ол электрмен қозғалады. Литейлік ионды аккумулятордан қуат алады. Оның қуаты өз кезегінде сағатына 10-12 шақырым қашықтықты бағындыруға жетеді. Былайша айтқанда, бұл скутер 60-90 минут жол жүруге мүмкіндік береді. Қажет бағытқа бұрғыңыз келсе, денеңіздің салмағын сол бағытқа қарай түсіресіз. Ал тоқтату үшін өкшеңізге салмақ түсірсеңіз жетіп жатыр. Жылдамдығын арттырғыңыз келсе, бір аяғыңызбен серпін алсаңыз болды. Яғни, бір аяғыңызды жерге тіреп, алға екпін алсаңыз болады. Одан секіріп түссеңіз, скутер сол сәтте өздігінен тоқтайды. Бағасы да аса қымбат емес – қалтаңызда 800 доллар болса болғаны. Кунаико Сайто бұл көлік құрылғысын жаппай шығаруға уәде беріп отыр. Оның алғашқы партиясы келесі жылдың бас кезінде шығарылады.

 

 

2 пікір
  • Қазақстанға қашан келеді екен. Мен алатын едім. Көлігімді сатқалы бері қиын болды. Ал мынау керемет қой, әрі жеңіл.
    10 жыл бұрын
  • Өте қызықты екен, бірақ бұл тек жаз мезгіліне ғана жарайды-ау...
    10 жыл бұрын
Мұрағат