|
Пісірген кезде канцероген аз бөлінетін бидай өсіріле бастайды
|
Ұлыбританияда құрамында аспарагины (аспарагин - амин қышқылы; пісірген кезде акриламид деп аталатын канцерогенді затқа айналады) аз бидайды өсіріп көрмек. Бұл жайында islam.kz порталы The Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар генетикалық түрлендірусіз (ГМО) пайдалы бидай өсіруге бел байлап отыр. Ғалымдар өсімдіктің ДНҚ-сын CRISPR технологиясының көмегімен редакциялау арқылы осындай жетістікке қол жеткізбек. Дәлірегі, барлық мутация табиғи жолмен жүзеге асады. Бұл бағыттағы тәжірибені әлемдегі ең ежелгі ауыл шаруашылық зерттеу институты болып табылатын Хартфордширдегі Rothamsted Research компаниясы жүргізетін болды. Аталмыш тәжірибе 2026 жылға дейін созылмақ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Өз-өзін тыңайтатын өсімдік өсірудің жолы табылды
■
Алпауыт елдің биылғы доктринасы: тек күштілеріне көмектесу
■
Қытай алғаш рет жаңғыртпалы энергия көздерінің есебінен электр энергиясына деген жаңа қажеттіліктің орнын толтырды
■
Жыл соңына дейін исламдық ипотека ашылмақ
■
20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген...