Өзін және өз әрекетін "саналы түрде сезінетін" робот жасалды (видео)
Өзін және өз әрекетін "саналы түрде сезінетін" робот жасалды (видео)
2 жыл бұрын 2083 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар өздері құрастырған роботтың өзінің кинематикалық моделін қалай жасағанын, содан кейін оның қозғалысын жоспарлау үшін қалай пайдаланғанын көрсетті. Бұл жайында islam.kz порталы science.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, колумбиялық инженерлер тұңғыш рет өз денесінің моделін адамның көмегінсіз зерттей алатын  роботты құрастырғандарын жария етті. Зерттеушілер роботты қолды, яғни, роботталған қолды бес бейне ағынды камераның шеңберіне орналастырды. Робот қозғалыс кезінде камералар арқылы өзін бақылаған. Бұл нәрестенің өзін алғаш рет айнада қарап жатқаны ұқсайды: робот әр түрлі мотор командаларына жауап ретінде денесінің қалай қозғалғанын білу үшін бұрала бұрылады. Шамамен үш сағаттан кейін робот тоқтады. Оның ішкі нейрондық желісі қозғалыстар мен қоршаған ортадағы өзінің көлемі арасында қалай байланыс орнайтынын үйренуді аяқтаған болатын. Мұндай өзін-өзі имитациялайтын роботтар, ғалымдардың пікірінше, өзін-өзі қамтамасыз ететін автономды, яғни, дербес жүйелерді құруға әкеледі. Роботтардың өзін моделдеу қабілеті - маңызды қасиет. Бұл жұмыс күшін үнемдеп қана қоймайды, сонымен қатар, роботқа өзінің тозып бара жатқанын қадағалауға, тіпті, зақымдалған жерін анықтауға және оны түзетуге мүмкіндік береді немесе мамандарды көмекке шақырады. Бұл зерттеу өз кезегінде робот технологиясын жетілдіру бағытындағы елеулі қадам болмақ: өз-өзін тану қасиетін таңу арқылы жетілдірудің маңызы зор. «Өзін-өзі моделдеу - өзін-өзі танудың қарабайыр түрі. Егер роботтың, жануардың немесе адамның дәл өзіндік үлгісі болса, ол жақсы жұмыс істей алады және оңтайлы шешім қабылдай алады », - деп түсіндірді ғалымдар.

0 пікір
Мұрағат