Оттегі мен сутегінен, көміртегінен және азоттан ет өндірілді
Оттегі мен сутегінен, көміртегінен және азоттан ет өндірілді
4 жыл бұрын 2652 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Финдердің Solar Foods компаниясы оттегі мен сутегінен, көміртегінен және азоттан ет әзірледі. Бұл мақсатта  мемлекет пен жекеменшік қор 25 млн еуро қаржы бөлген. Бұл жайында islam.kz порталы NTD ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған өнім Финляндияның Эспоо қаласында орын тепкен зертханадағы арнайы биореакторда өсірілген. Қолдан өсірілген ет құрамына кіретін элементтер құрамындағы ақуыздарға толықтай сәйкес келеді. Нәтижесінде дәмі бидайды еске түсіретін ұнға ұқсас өнім (солейн) алынған. Осынау жобаны жүзеге асырған Solar Foods компаниясының директоры Паси Вайникка солейнді тағам қоспасы ретінде өсімдіктен тектес өнімдердің ақуызын байытатын болады, ол еттің орнын алмастыра алады. Сондай-ақ, оны сүт коктейлі мен йогуртқа қосуға болатынын жеткізді, өйткені, аталған өнімдерде аминдік қышқыл мен ақуыздар жетісе бермейді. Ғалымдардың айтуынша, солейн өндірісі экологиялық талаптарға толық сай келеді. Мамандар атмосферадан көмірқышқыл газын бөліп алады – «ауадан тікелей қармау» әдісімен. Ал сутегіні суды электрмен ыдырату жолымен алады. Бұл инновациялық тағам өнімі 2023 жылы саудаға шығарылады.

Ұқсас материалдар:

«Жасанды ет өндірісінде медициналық регенеративті әдіс қолданылады» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-et-ondirisinde-meditsinalyq-regenerativti-adis-qoldanylady-14904/#gsc.tab=0);

"Жасанды ет компанияларының қатары артып келеді" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-et-kompaniyalarynyn-qatary-artyp-keledi-14643/#gsc.tab=0);

"Жасанды ет төңірегіндегі талас-тартыс өршіп барады" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-et-toniregindegi-talas-tartys-orship-barady-12689/#gsc.tab=0);

«Жасанды ет өндірісінің кәдімгі ет өнімдерінен қандай айырмашылығы бар» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-et-ondirisinin-kadimgi-et-onimderinen-qandai-aiyrmashylygy-bar-12523/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат