|
Өсімдіктің жарыққа деген зәрулігін жоятын тетік табылды
|
Мичиган мемлекеттік университетінің ғалымдары (Америка құрама штаттары) жарығы әлсіз жерде өсімдіктің одан ары өсуіне мүмкіндік беретін тетікті тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Communicationsғылыми мерзімді басылымына сілтеме жэасай отырып мәлім етеді. Бұл жаңалық ең алдымен болашақта өсімдіктіңтұрақты түрде өсуін қамтамасыз етуіне ықпал етеді. Michigan State University ғалымдары өсімдіктің жарыққа жауап қатуына қатысты тетікөз кезегінде жарықтың жетіспеушіліген болатын күйзелістің алдын алуға көмектесуі ықтимал екендігін алға тартып отыр. Аталмыш америкалық жоғарғы оқу орнының профессоры Ерік Гротволд (Erich Grotewold) бұл жаңалық, сондай-ақ, жарық үшін жұмсалатын энергияны үнемдеуге де мүмкіндік беретінін жасырмады. Жарық – өсімдіктің өсуіне ең қажетті нәрсе. Алайда, мол жарық та сімдіктің өсуіне кеергі келтіріп жатады. Өсімдік ультракүлгін сәуледен қорғану үшін пигменттер мен флавоноид деп аталатын табиғи молекулулар бөледі немесе өндіреді. Бұл қосындылар түрлі факторлар орын алатын қоршаған ортаның күйзеліске толы жағдайларына төтеп беруге көмектеседі. Бастапқыда америкалық ғалымдар маңызды флавоноидты ферментті істеп шығаруға қабілетсіз арабидопсистің мутантты нұсқаларын зерттеді. Ғалымдар мутанттардың бір түріне белгілі бір жарық түрі әсер еткенде оның өсіп жетілуінде елеулі ақаулар орын алғанын байқаған. Бұл ретте жабайы даналары мен басқа да мутанттар сау қалпына сақталып қалған. Бұл құбылыстыңң төркіні нарингенин-халкон (NGC) деп аталатын қосылыстан болып шықты. Бұл молекула әдетте флавоноидтар пайда болатын метаболикалық процесс кезінде түзіледі. Мутанттың бұл процесте негізгі ферменті болмайды, сондықтан NGC өсімдік жасушаларында жинала бастаған. Өсімдліктің өсуіне не кедергі келтіретінін білгісі келген зерттеушілер бұл құбылыстың себебін ашқысы келді. Ғалымдар бұл тарапта арабидопсистің мыңдаған түрлі мутацияларын жасап, оларды стрессті жарық көзінде өсіріп көрген екен және олардың арасынан қандай дабір ақауға жол бермей немесе ауытқуға ұшырамай өсетін өсімдіктердің бір бөлігін іріктеп таңдады. Бұл өсімдіктер әдетте ультракүлгін сәулені қабылдайтын ақуыз - UVR8 генінің мутациясын өз бойында біріктірген еді. Зертханада биохимиялық тәжірибелер жүргізіліп, NGC пен UVR8 ген мутациясының өзара әрекеттесетінін, тіпті, ультракүлгін сәулесі жеткіліксіз болса да оны өсу сигналдарын жіберуге «қайта бағдарламалайтынын» анықтады. Бұрын ғалымдар мұндай өзара байланыс болатынын білмеген еді. Осы зерттеуге атсалысқан Нан Жиан (Nan Jiang) есімді ғалым нарингенин-халкон - аралық метаболикалық өнімнің, яғни, UVR8-дің жарыққа сезімтал ақуыз функциясын немесе қызметін тікелей модуляциялай алатынын атап өтті.