Өсімдіктің ауаны тазарту қабілеті микробтардың көмегімен 30 есе арттырылды
Өсімдіктің ауаны тазарту қабілеті микробтардың көмегімен 30 есе арттырылды
2 ай бұрын 631 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өсімдіктерге қосылған бактериялардың жасанды жолмен өсірілген штамдары (қоздырғыштары) ауаны тазарту жүйесі ретінде әрекет етеді. Бұл жайында islam.kz порталы New Atlas ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америкалық Neoplants биотехнологиялық стартапы ұшпалы органикалық қосылыстарды (VOC) аулап, ауаны тазарта алатын Neo PX жабық өсімдіктерін жұртшылық назарына ұсынды. Аталмыш жүйе құрамында бактериялар кездесетін топырақ қоспасын пайдаланады. Стартап иелерінің айтуынша, бұл биожүйелһ ауаны VOC-дан кәдімгі өсімдіктерге қарағанда 30 есе тиімді түрде тазартады. Бензол, толуол, ксилол сияқты ұшпалы органикалық қосылыстар үйдегі ауаны ластайтын негізгі заттар ретінде белгілі. Олар кілем, жиһаз, бояу, тазалау құралдары және басқа да тұрмыстық материалдар құрамында кездеседі. Сонымен қатар, әдеттегі ауа сүзгілері мұндай ластаушы заттармен жеткілікті деңгейде күресе алмайды, есесіне өсімдіктер оларды аулай алады. Биофильтрдің белсенділігі микробтары бар және топыраққа қосылатын капсулаларды қолдану арқылы арттырылды. Айрықша жүйе Epipremnum aureum бөлме өсімдігінен, топырақтан, арнайы кастрөлден және микробтық колонияны қоректендіретін және толықтыратын капсулалар қорынан тұрады. Топырақ құрамында Pseudomonas putida деп аталатын бактериялардың ерекше штаммы бар, ол бес жыл бойы арнайы таңдап өсірілді. Бұл микроорганизмдер үш танымал VOC-ті, атап айтқанда, бензол, толуол және ксилолды жақсы сіңіреді. Ғалымдар бұл процесті селекциялық өсіру арқылы күшейтті. Микробтар өсімдіктен қоректік заттарды алады және тамшылардағы соя ақуызымен қоректенеді. Топыраққа қосылғаннан кейін бактериялардың бір бөлігі өсімдіктің тамыры мен айналасындағы топырақты колонизациялайды, яғни, бағындырады, ал басқалары оның жапырақтары мен сабағына қарай, яғни, жоғары қарай қоныс аударады. Жер үстінде кездесетін микробтары өсімдікке тамырларға тасымалданатын VOC-терді аулауға көмектеседі. Ал топырақ - бұл қосылыстарды сіңіріп, метаболиздендіреді, яғни, зат алмасу процесінен айырады, оларды өсімдіктердің қоректенуі үшін пайдалы көміртегі көздеріне - аминқышқылдары мен қантқа айналдырады. Әзірлеушілер мұндай өсімдіктердің қалған бөлігіәдеттегідей күтімді қажет ететінін атап өтті, дәлірегі, дер кезінде суғарып, жеткілікті жарық көзімен қамтамасыз етуі керек. Дегенмен, олар микробтары бар топырақты басқа өсімдіктермен бірге пайдалануға кеңес беріп отыр: топырақ қоспасының пропорциялары Epipremnum aureum үшін есептелген және сыналған, сондықтан оның басқа жағдайларда тиімділігі белгісіз.

0 пікір
Мұрағат