Өсімдік тозаңынан "мәңгі" қағаз жасалды (видео)
Өсімдік тозаңынан "мәңгі" қағаз жасалды (видео)
3 жыл бұрын 1692 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сингапурдегі Наниан технологиялық университетінің мамандары көп мәрте пайдалануға болатын экологиялық қағаз концепциясын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Advanced Materials мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Айрықша қағаз  өсмдік тозаңы негізінде жасалған – ғалымдар калия гидроксидінің көмегімен тозаңнан жасушалық компоненттерін жояды. Қазіргі уақытта аллергия тудыратын тозаң компоненттерін жоюды қолға алып жатыр. Соңында мамандар микрогель жасау үшін деиондандырылған суды пайдаланады, одан дайын қағаз парағын алады. Бұл тараптағы жан-жақты зерттеу барысында ғалымдар лазерлік принтер қолданылатын сия қабатының материалды бүлдірмейтінін анықтады - жай қағазға басып шығару кезінде болатын жағдай қайталанбайды. Басып шығару процесі аяқталғаннан кейін тозаң қағазының парағын сияны толығымен кетіретін арнайы зертханалық реагентке салуға болады. Осылайша оны қайта пайдалануға болады. Ғалымдардың айтуынша, жай қағаз целлюлозды талшықтан жасалатындықтан бұл өндіріс процесінде энергия көп жұмсалады. Ал тозаңнан қағаз дайындау процесі қоршаған ортаға елеулі зиян келмейтін болады.

Экобумага

0 пікір
Мұрағат