Өсімдік жаһандық жылынуды тежейді
|
Берклидегі Калифорния университетінің және оуренс ұлттық зертханасыныңғалымдары жаһандық жылынудан фотосинтез процесінің артатынын анықтады. Осылайша өсімдіктің жаһандық жылынуды тежейтіні, алайда, толық тоқтата алмайтыны белгілі болды. Бұл жайында islam.kz порталы Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мамандар 1982-2020 жылдар аралығында өсімдік фотосинтезінің 12 пайызға артқанын анықтады. Аталған мерзімде атмосферадағы көмірқышқыл газының шоғырлану деңгейі шамамен 17 пайызға өскен - Миллионға шаққанда 360 бөліктен (ppm) 420 промиллеге дейін өсті. Өсімдік фотосинтезінің қарқындылығының арту көрсеткіші атмосфераға жыл сайын бөлінетін көміртектің қосымша 14 петаграмына сәйкес келген. Бұл көрсеткіш 2020 жылы әлем бойынша қазбалы отын ресурсынан бөлінген көміртектің шамасына тең келеді. Өсімдік сіңірген көміртектің көп бөлігі кейін атмосфераға өсімдіктің тыныс алуымен қайта бөлінеді. Нәтижесінде өсімдік фотосинтез процесі арқылы әрі топырақ әр он жыл сайын атмосфераға бөлінген көміртектің шамамен үштен бірін сіңіретін болып шықты.
Ұқсас материалдар:
«Ағаш неғұрлым көп отырғызылса, жаңбырдың да соғұрлым көбірек жауатыны белгілі болды» (https://www.islam.kz/kk/news/arturli/agash-negurlym-kop-otyrgyzylsa-janbyrdyn-da-sogurlym-kobirek-jauatyny-belgili-boldy-15484/#gsc.tab=0);
«Орман жердегі ауа температурасын 15%-ға салқындатады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/orman-jerdegi-aua-temperaturasyn-15-ga-salqyndatady-15596/#gsc.tab=0)