Өлімге соқтыратын аса қауіпті инфекциядан құтылудың амалы табылды
|
АҚШ-тағы Вистаров институтының ғалымдары дәрі-дәрмекке төзімді микробтарға қарсы иммундық жүйенің жылдам жауап қатуына ықпал ететін иммуномодулятор мен бактерияға тікелей әсер ететін антибиотиктің өзгешеліктерін қамтитын қосындылар тобын ашты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Негізінде ғалымдар D-эритритолфосфатты немесе немевалонатты метил деп аталатын бактериядағы өзіндік ерекшелігі бар метаболилік жолына бағытталған затты іздестірген болатын. Ол (D-эритритолфосфатты немесе немевалонатты метил) патогенді бактерияның аман қалуына көмектесетін молекуланы – изопреноидті синтездеуге жауап береді. Аталған жолдың негізгі компонентіне көптеген патогендік микроорганизмдерде кездесетін IspH ферменті жатады. Мамандар бактерия қабырғасынан өте алатын тиімді IspH ингибиторын іздеу үшін компьютерлік моделдеу жүйесіне жүгінген болатын. Белгілі болғандай, анықталған ингибитор иммундық жүйені ынталандыра алатын болып шықты. Ал қосындыны сынақтан өткізген кезде адамға улы зияны анықталмады.