Ойды сол сәтте (дереу) сөзге айналдыратын ми импланты жасалды (видео)
|

Ғалымдар ми-компьютер интерфейсі технологиясын сал болып қалған әйелдің өз ойын нақты уақыт аралығында естілетін сөз түрінде жеткізетіндей етіп жетілдірді. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Neuroscience мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа ми-компьютерінің интерфейсі нейрон сигналдарын бар-жоғы үш секундта сөзге айналдыра алады – бір мезгілде сөзді танып, оны синтетикалық дауыспен дыбыстайды. Бұл бағыттағы тәжірибеге 2005 жылы инсульттан соң сөйлеу қабілетінен айырылған Энн есімді әйел қатысқан екен. Арада табаны кұректей 18 жыл өткен соң оның ми қыртысының беткі жағына 253 электроды бар, жұқа датчикті имплантталды. Датчиктегі электродтар мыңдаған нейрондардың белсенділігін бір мезгілде тіркейді. Ең табиғи дыбыс үшін зерттеушілер Энннің жарақат алғанға дейін түсірілген үйлену тойындағы даусын пайдаланды. Яғни, видеодағы дауысты жасанды зерде алгоритміне оқытылды. Осының арқасында имплант Эннің өз даусын салады. Тәжірибе барысында Энн экранда пайда болған 1024 сөз бен 50 тіркестен тұратын 100 сөйлемді ойша айтты. Құрылғы әрбір 80 мс (милли секунд) сайын оның нейрондық сигналдарын оқыды. Нәтижесінде жүйе минутына 47-90 сөз шығарды – бұл көрсеткіш табиғи сөйлесу жылдамдығына жақындайды (минутына шамамен 160 сөз).




