Обырдың емі арадан табылды
Обырдың емі арадан табылды
9 жыл бұрын 6421 ihsan.kz

Түркияның Ержиес университетінің медицина факультетінің профессоры, доктор Әлі Үнал әр адамның денесінде үнемі рак жасушалары пайда болып отыратынын айтады. Алайда иммунитет жүйесі күшті адамдар денедегі бұл жасушаларды өлтіріп отырады. Ал иммунитет жүйесі әлсіз адамдар бұл жасушалармен күресе алмағандықтан, көбіне рак ауруына шалдығып жатады. Иммунитет жүйесінің бұзылуы, әлсіреуі, баяулауы, реакция таныта алмайтындай жағдайға келуі секілді себептерден қоғамда рак ауруына шалдығу қаупі жоғарылай береді. Иммунитеттегі мұндай құбылыстар көбіне жас ұлғайған сайын байқала бастайды.

«Жастарда да рак ауруына шалдығу қаупі бар. Адам кез-келген жаста рак ауруына шалдыға алады. Тек жас ұлғайған кезде бұл қауіп арта түспек. Рактан қорғану және бұл ауруды жеңу үшін ең маңызды мәселе ағзаның иммунитет жүйесін күшейту. Араның уынан бастап, прополисі, сүті, секілді ара өнімдері ағзаның иммунитеттік жүйесін күшейтетін ең табиғи және ең қуатты заттар. Ал ракқа қарсы қолданылып жүрген емдер, дәрілер, химиятерапия, радиотерапиялар ағзаның иммунитеттік жүйесін қатты әлсіретеді. Ағзаның ауруға қарсы күрес күшін арттыру үшін, жасушалардың рак жасушаларына қарсы күресе алуы үшін ағза қорғаныс жүйесін күшейтетін заттарға мұқтаж. Ара уы болса, бұлардың ішіндегі ең маңыздылардың қатарынан орын алады. Иммунитеттік жүйе күшейгенде әрі рак ауруын жеңеді әрі рактың қайта шығып жайылуының алдын алады», – дейді профессор.

0 пікір
Мұрағат