Нейрон көлеміндей көру импланты жасалды
Нейрон көлеміндей көру импланты жасалды
6 ай бұрын 680 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Advanced Healthcare Materials (2024)

Швеция мен Нидерланды университеттерінің ғалымдары микроскопиялық визуалды имплант жасады. Бұл жайында islam.kz порталы Advanced Healthcare Materials мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеу материалында бір нейронның өлшеміндей визуалды импланттың деректерді тасымалдай алатыны және денеде ұзақ уақыт бойы сақталатыны айтылған. Оның ені 40 микрометр және қалыңдығы 10 микрометр, металл бөліктерінің ені бірнеше жүз нанометр ғана. Оны жасау үшін ғалымдар қорғаныс қабаты бар өткізгіш полимерді пайдаланған екен. Білікті мамандар жоғалған көру қабілетін қалпына келтіру үшін бір импланттың жеткіліксіз екенін атап өтті. Көру қабілетін қалпына келтіру үшін желіге қосылатын мыңдаған имплантаттар қажет. Бұл жағдайда миға түсетін кескін бұрынғысынша «матрицалық тақтаға, қараңғы кеңістікке және кейбір жыпылықтаған нүктелерге» ұқсаудан аспайтын болады. Бұл тараптағы зерттеу авторлары, тіпті, көз зақымдалған кезде де мидың көру қыртысы көбінесе өміршең болып, көру ағзаларынан сигнал күтетінін алға тартты. Имплант арқылы мидың көру қыртысына электрлік импулстарды жіберу арқылыкөру қабілетін аз да болса қалпына келтіруге болады. Осыны ескерген ғалымдар болашақта мыңдаған электродтарды біріктіре алатын имплант жасауды көздеп отыр

0 пікір
Мұрағат