NASA-ның ең қуатты зымыран қозғалтқышы сынақтан сәтті өтті (видео)
NASA-ның ең қуатты зымыран қозғалтқышы сынақтан сәтті өтті (видео)
2 жыл бұрын 1020 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қозғалтқышты құпастыруда қолданылған GRCop-42 мыс қорытпасы қозғалтқыштың қатты қызып кетпей жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. NASA инженерлері агенттіктің алашқы толық ауқымды айналмалы детонациялық зымыран қозғалтқышын немесе RDRE (ағылш. rotating detonation rocket engine - айналмалы детонациялық зымыран қозғалтқышын) құрастырып, сынақтан сәтті өткізді. Бұл жетілдірілген зымыран қозғалтқышының құрылымы болашақта қозғалтқыш жүйелерінің құрылымын өзгертеді. RDRE-нің басқа зымыран қозғалтқыштарынан айырмашылығы - қуатын отынның дыбыстан жоғары жануынан алады, бұл процесс детонациялық жану деп те аталады. Олар Ай мен Марсты зерттеуге аттанатын түсіру және планетааралық көліктермен жабдықталады. Бұл жоба, әсіресе, ұзақ мерзімді миссиялар үшін пайдалы болады, өйткені ол қазіргі электр станцияларына қарағанда көбірек қуат шығарады. Сонымен қатар, оның жұмыс істеуі үшін әлдеқайда аз отын қажет. 2022 жылы өткізілген Шығыс Маршалл полигонындағы  RDRE ыстық өрт сынағының деректері NASA-ның Хантсвилдегі (Алабама штаты) Маршалл ғарыштық ұшу орталығының инженерлері және Батыс Лафайетттегі, Индианадағы IN Space LLC қызметкерлері тарапынан расталды. Қозғалтқыш он минуттан астам уақыт ішінде он реттен астам іске қосылған. Тестілеу кезінде RDRE максималды күші рекордтық деңгейге жеткен. Қозғалтқыш құрамында қолданылатын GRCop-42 мыс қорытпасы қозғалтқыштың қызып кетпей, қатал ортада жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Металдардың арнайы «қоспасын» да НАСА мамандары жасаған.

0 пікір
Мұрағат