Мұсылман ғалым обырдың емін тапты
Мұсылман ғалым обырдың емін тапты
2 жыл бұрын 10379 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: trtrussian.com

Химия саласы бойынша Нобел сыйлығының иегері, әлемге әйгілі түрік ғалымы Әзіз Санжар мидың қатерлі ісігін емдеудің тың тәсілін ұсынып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Sabah ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түрік ғалымы мен оның әріптестері табиғи ДНҚ құрамдастарының бірі, тимидиннің аналогы 5-этил-2'-дезоксиуридиннің (EdU) молекулаларын зерттеді. EdU молекулаларын молекулярлық биологтар жүйке жүйесінің бөлінетін жасушаларында ДНҚ синтезін зерттеу үшін тәжірибелерде қолданады және жасушалар үшін, соның ішінде қатерлі ісік жасушалары үшін улы зат болып табылады. «EdU молекуласының жеңіл уытты әсері бары бұрыннан белгілі, алайда, оның әсер ету тетігі жұмбақ болды. Бұл жолы оның жасушаны қалай өлтіретінін анықтадық. Бұрын EdU обыр жасушаларын жоятыны туралы дәлелдер болғанына қарамастан бұл зерттеу нәтижелерді ешкімнің ұстанбағаны таңқаларлық», - деп мәлімдеді Әзіз Санжар. Бұл бағыттағы зерттеу материалдары АҚШ-та жарық көретін пәнаралық Proceedings of the National Academy of Sciences (PNAS) мерзімді басылымының келесі санында жарияланады.

0 пікір
Мұрағат