Motion Pillow - қорылға қарсы «тірі» жастық (видео)
|
Корейлердің Motion Pillow стартапы өзгеше гаджетті таныстырды - пайдаланушының қорылдауын тоқтата алатын жастық. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Құрылымы ұя салатын қуыршақты (матрешка) еске түсіреді: ішінде тағы төрт жастық пен сорғы бар. Ерекше жастық қозғала алады. Ішінде массаж креслосындағыдай үрленіп-солып (ауасы сорылатын) тұратын төрт сөмке бар. Құрылғы жанына арнайы қабылдағыш орнату керек - ол тыныс алуыңызды бақылайды. «Қорап» сіз қорылдағанда жастыққа сигнал береді. Құрылғының сөмкелері бір көтеріліп, бір түсіп, қорылдамайтындай етіп басыңызды айналдыратын болады. Motion Pillow алғаш рет CES 2020 көрмесінде жұртшлық назарына ұсынылды. Көп ұзамай саудаға шығарылады. Бұл тараптағы тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, 93,7% жағдайда қорлауды болдырмауға болады екен. Алғашқы пайдаланушылар аталмыш құрылғны жоғары бағалады. Уақыт өте келе қорылдаудан болатын шуды ғана емес, оның пайда болу жиілігін де азайтуға болады дейді. Қорылдау статистикасын, яғни, қанша рет қорылдағаныңызды смартфондағы арнайы қосымша арқылы көруге болады
Motion Pillow құны - 400 доллар. Қымбат, есесіне алаңсыз ұйықтауыңызға көмектесетін құрылғы. Саудаға шығарылатын нақты күндері әлі жарияланған жоқ. Kickstarter ұсынған ақылды гаджеттердің озыұ үлгілерін қараңыз, олардың ақыр соңында еш пайдасы болмай шықты: