Миға генетикалық редакторды жеткізуге арналған нанобөлшектер жасалды
Миға генетикалық редакторды жеткізуге арналған нанобөлшектер жасалды
2 жыл бұрын 1383 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: ThisisEngineering RAEng / Unsplash

Висконсин-Мэдисон университетінің ғалымдары CRISPR генетикалық редакторын миға жеткізу үшін нанобөлшектерді әзірледі. Аталмыш технология Альцгеймер немесе Паркинсон ауруларының арнайы терапиясы үшін пайдаланылуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы оcы тараптағы зерттеу материалы жарияланған Advanced Materials мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. CRISPR геномдық редакторы – гендерді өзгертуге және оларға белгілі бір функцияларды дарытатын генетикалық өңдеу құралы. Бұл бағыттың медицинада және биологияда болашағы зор -көптеген ауруларды, соның ішінде бұрын емдеу мүмкін емес болған сирек кездесетін әрі тұқым қуалайтын ауруларды емдеуге көмектеседі. Ғалымдар тағайындалған дәріні діттеген жеріне тікелей бағыттайтын, толық емдеу үшін мидың қорғаныс қабығын (қан-ми тосқауылын) инвазивті емес және қауіпсіз жеңуге мүмкіндік беретін әдісті әзірледі. Бұл кедергіні айналып өтудің бір жолы - дәріні тікелей миға енгізу, алайда, мұндай ем шарасы бұрынғы тәсілде науқасты жарақаттайтын процедура болып келген еді. Ал жаңа тәсіл дертке шалдыққан ағзаларға геномды өңдеу құралдарын тасымалдай алатын, содан кейін зиянсыз еритін кремния диоксиді нанокапсулаларын енгізуге негізделген. Зерттеушілер бұл тарапта нанобөлшектердің бетін глюкозамен және құтыру вирусынан алынған амин қышқылы фрагменті арқылы өзгертіп, олардың миға терең енуіне мүмкіндік жасаған.

0 пікір
Мұрағат