Ми-компьютер интерфейсіне жалғанған AR-гарнитура адамның не ойлап отырған «айтып бере алады» (видео)
Ми-компьютер интерфейсіне жалғанған AR-гарнитура адамның не ойлап отырған «айтып бере алады» (видео)
3 жыл бұрын 2607 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық  Cognixion стартап толықтырылған шындық (дополнительной реальности) құрылғысымен біріккен нейронды интерфейс жасауда. Бұл жайында islam.kz порталы interestingengineering.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Cognixion нейронды интерфейсін жасаумен аты шыққан калифорниялық стартап таяуда жаңа гарнитураны жұртшылық назарына ұсынды. Оның өзгешелігі сонда – ол толықтырылған, баламалы сұхбат (Augmentative alternate communication, AAC) деп аталатынмен қамтамасыз етеді. Бұл құрылғы кемістігі бар немесе неврологиялық ауруға шалдыққан мүмкіндігі шектеулі жандарға айналасындағылармен тілдесуге мүмкіндік береді. Cognixion One жүйесі ми-компьютердің неинвазивті интерфейсінің ұштасқан толықтырылған шындық гарнитарусанынан тұрады. Гарнитура көру қыртысын (визуалды сигналды қабылдап, талдайтын ми бөлігі) стимулдайды (ынталандырады), сонымен қатар, сымсыз интерфейс нейрон белсенділігін есептеп, оны интерпретациялайды (мағынасын ашады) әрі оны қайтадан гарнитураға жөнелтеді одан арғы әрекет үшін. Аталмыш құрылғы машиналық үйрету алгоритімімен толықтырылып, жасанды зердені пайдаланатын болады – тілдік жүйені қалыптастыру үшін. Ол әрбір пайдаланушының тілдесу стиліне бейімделе алады. Ол үшін компания бірнеше инвестордан 12 млн доллар мөлшерінде қаржы алып, прототипін жасап қойды. Құрылғы әлі сынақтан өтуде. Пайдаланушы команданы клавиатураның көмегімен бере алады. Гарнитура персоналды компьютерге, ноутбукке немесе смартфонға  Wi-Fi немесе USB-кабелі бойынша жалғанады, бұдан бөлек, ол автономды режимде, яғни, дербес жұмыс істей алады 4G LTE-ні пайдалана отырып. Айтқандайын, гарнитура экранына тек сөздер мен сөйлемдер ғана шықпайды, сонымен қатар, эмодзилер де шығады.

0 пікір
Мұрағат