Ми жасушаларын қашықтан белсендіру тәсілі табылды - инсульт немесе эпилепсияны емдеу әдісі
Ми жасушаларын қашықтан белсендіру тәсілі табылды  - инсульт немесе эпилепсияны емдеу әдісі
3 жыл бұрын 2430 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Калифорния университетінің ғалымдары ми жасушаларын қашықтан белсендіру үшін микроскопиялық магнитті бөлшектерді пайдалануды ұйғаратын жаңа тәсілді ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы onlinelibrary.wiley.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта зерттеу жүргізгенн ғалымдардың айтуынша, аталмыш жаңалық неврологиялық ауытқуларды емдеудің инвазивті емес әдісінің жаңа тұрпатын әзірлеуге көмектесуі мүмкін. Бұл тәсіл «Магнитті-механикалық ынталандыру (стимуляция) деп аталады. Магнитті құрылғының көмегімен астроцит деп аталатын мидың сенсорлық сезімтал глиалды жасушаларын (глиальды жасушалар - нейрондарды қорғайтын және оларды біріктіретін тірек жасушалары. Глиальды жасушалардың жиынтығы глия немесе нейроглия деп аталады. «Глия» термині грек тілінен шыққан және «желім» дегенді білдіреді, сондықтан оларды кейде «жүйке желімі» деп те атайды - kk.warbletoncouncil.org дерек көзінен) ынталандыруға болады. Микроскопиялық магнитті бөлшектерлді немесе микромагнитті астроцитке беіту керек. Ол механикалық қосушы және ажыратушы ретінде жұмыс істейді – жасушалардың белсенділігін оятады және белсенділігін басады.

0 пікір
Мұрағат