Метеоролог мамандар ауа райын болжаудағы халық ырымдарының кейбірінің тура шығатындығын растады
Метеоролог мамандар ауа райын болжаудағы халық ырымдарының кейбірінің тура шығатындығын растады
5 жыл бұрын 6456 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ауа райын болжауда халық арасында кеңінен тараған, дәлірегі, ырым деуден гөрі ғасырлар бойы күн райын бақылау мен қадағалаудан туған тұжырымы мен тәжірибесінің тура шығатындығын растап отыр. Ресей Гидрометеорологиялық орталығының ғылыми жетекшісі Роман Вильфандтың айтуынша, «Екі ырым бар расқа айналатын, алайда, олар қысқа мерзімді ауа райын болжауда ғана расқа айналады. Біріншісі, күннің қызарып батуы ертең күн ашық болатынын білдіреді, егер күн ұясына бозарып батса, жауын-шашын болмақ» дей келе күннің көкжиекке құлағандағы түсінің оптикалық эффектімен байланысты екендігін түсіндірді. Ал екіншісіне келсек, құстардың жер бауырлай ұшуын әдетте жауын-шашын болатынынан хабар беретіндігімен байланыстырады. «Мұның сыры қарапайым – ауа ылғалды болса, масаның қанаты ауыр тартады, қарлығаштар жемін аулау үшін жер бауырлай ұшуға тура келеді»,- деп түсіндірді ол.

Қазақта да ауа райына қатысты түрлі болжамдар мен ырымдар баршылық. Үркерге (жұлдыздар шоғыры) қарап ауа райын болжау, «Құралайдың салқыны» (киіктің төлдеуімен байланыстырып жору), т.б.. азды-көпті зерттелгені болмаса, былайға бұқараға олардың мәні мен маңызы жете түсіндірілмей келеді.

0 пікір
Мұрағат