Метазерттеу: аз көмірсутекті диета 2-ші типтегі сусамырды емдейді
Метазерттеу: аз көмірсутекті диета 2-ші типтегі сусамырды емдейді
4 жыл бұрын 2750 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Австралияның мемлекеттік ғылыми және қолданбалы зерттеу қауымдастығы екінші типтегі сусамырмен күресудің тиімді жолдарын іздестіру бағытында жүргізген 23 клиникалық сынақтың нәтижесін жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы techcult.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш әдіс өз тиімділігін көрсетті, алайда, оны ұзақ уақыт пайдаланудың арты белгілі бір қатерге ұрындыратын болып шықты. Десе де бұл «кінәрат» дәрігерлердің аталған тәсілді қолдануына кедергі бола алмайды. Негізінде бұл тәсіл соншалықты тың дей алмайсыз – осы уақытқа дейін екінші типтегі сусамырға шалдыққан науқастарға қатысты диетада қолданылып келген. Пациенттерден тұтынатын көмірсутекті күніне 1300 грамнан асырмау талап етіліп келеді. Мұның өзі шартта норма: қара жұмысқа жегілмейтін сау адамдар күніне тұтынатын 2000 ккал мөлшерден 25 % кем тұтынуы тиіс. Әлбетте, адам ашығу сезімінен арыла алмайды, алайда, бұл олқылықтың орнын майсыз тағамдармен толтыруға болады. Бұл тараптағы тәжірибеге екінші типтегі сусамырға дертіне шалдыққандардан 1357 науқас өз еркімен қатысқан екен. Дәрігерлер оларды алты ай бойы қадағалады. Жекелеген зерттеулер жиынтығының метаанализі бақылаудағы топтарға қарағанда аталған дерт ремиссиясының 32 %-ға артқанын көрсетті. Десе де Ал пациентке қатысты 12 айға созылған диета тиімділігінің көптеген клиникалық мәні едәуір төмендеп кеткен. Яғни, ұзақ уақытқа созылған ашығудың пайдасына шаққанда зияны да кем болмай шықты. Бұдан австралиялық ғалымдар не түйді? Олар мынадай қорытындыға келіп отыр: аз көмірсутекті диета қысқа мерзімді аралықта ғана екінші типтегі сусамырдың алдын алуға әрі емдеуде тиімділік танытады.  Екінші жағынан, бұл тәсілді іс жүзінде орындау оңай.

Ұқсас материалдар: 

"Инсулинге тәуелді сусамырдан құтқаруы мүмкін жаңалық. Ғалымдар инсулинді істеп шығаратын жасуша жасады" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/insulinge-taueldi-susamyrdan-qutqaruy-mumkin-janalyq-galymdar-insulindi-istep-shygaratyn-jasusha-jasady-12894/#gsc.tab=0);

"Ойламаған жерден ашылған жаңалық сусамыр дертін емдеуде төңкеріс жасайды" (сілтемесіhttps://islam.kz/kk/news/gylym/oilamagan-jerden-ashylgan-janalyq-susamyr-dertin-emdeude-tonkeris-jasaidy-14239/#gsc.tab=0);

«Екінші типтегі сусамыр мен бауыр фиброзын «істен шығаратын» тетік табылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/ekinshi-tiptegi-susamyr-men-bauyr-fibrozyn-isten-shygaratyn-tetik-tabyldy-14233/#gsc.tab=0);

«Жалғыздық пен сусамыр арасында байланыс бары анықталды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/jalgyzdyq-pen-susamyr-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-14148/#gsc.tab=0);

«Қан қысымы мен сусамыр ми құрылымын өзгертеді»

(сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-qysymy-men-susamyr-mi-qurylymyn-ozgertedi-14102/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат