Метаболизмді (организмдегі зам алмасу процесін) баяулататын негізгі жеті себеп аталды
Метаболизмді (организмдегі зам алмасу процесін) баяулататын негізгі жеті себеп аталды
3 жыл бұрын 2250 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әдетте зат алмасу процесін ауру, соның ішінде тұқым қуалайтын аурулар емес, адамның тамақтану реимін дұрыс сақтамауы бұзып жатады. Осының кесірінен, зат алмасу процесінің бұзылуынан адам түрлі дерттерді жамап алады. Бұл жайында islam.kz порталы мамандардың кеңесі бойынша мынадай негізгі жеті себепті алға тартады:

1. Таңғы асқа қарамау;

2. Организмге жеткілікті деңгейде су ішпеу;

3. Дұрыс тамақтанбау;

4. Күпті болғанша тойып тамақтану;

5. Кешкі асқа негізі ас-ауқат ретінде қарау;

6. Шала ұйқы;

7. Стресс.⠀

Егер мамандардың кеңесіне сенсек, біріншіден, жануарлар еті немесе сүтінен дайындалған тағамдар емес, жеміс-жидек зат алмасу процесін жақсартады. Мамандардың айтуынша, жеміс-жидек пен көкөніс адам тұтынатын күнделікті тағам мөлшерінің үштен бірі құрауы тиіс. Жеміс-жидек пен көкөніс организмнен улы заттарды шығарып қоймай, дәрумен ретінде организмнің жұмысын жақсартады. Екіншіден, суды жеткілікті деңгейде ішу, майлы, құрамында қанты мен тұзы көп тағамдарды шектеу керек, орта есеппен тоқтық 4 сағатқа дейін созылайтындай тамақтану керек. Күніне 3 немесе 4 рет тамақтануды әдетке айналдыру. Бұл қатты ашығу тудырмайды, қатты ашыққан адам шамадан тыс ауқат қабылдап, организмге салмақ түсіреді. Ал бұл өз кезегінде зат алмасу процесінің қызметін бұзады.

0 пікір
Мұрағат