Метаболизм қай жастан бастап баяулайды
Метаболизм қай жастан бастап баяулайды
3 жыл бұрын 3248 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тағы Дьюка университетінің ғалымдары метаболизмнің (зат алмасу процесінің) жылдам жүруі шарықтау шегіне осы уақытқа дейін айтылып келген мерзімнен бұрын ерте жетіп, баяулайтыны осы уақытқа дейін айтылып келген мерзімнен кейін басталатынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы осы уақытқа дейін ел арасында метаболизмге қатысты қалыптасқан жаңсақ түсінікті жоққы шығаратын ғылыми мақала жарияланған Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта ғалымдар жүргізген зерттеуінде әлемнің 29 еліндегі жасы 95-ке дейінгі 6600-ден аса адамның бір аптада орташа есеппен қанша калория жоғалтатынын зерделеген екен. Бұл арада организмнің жұмыс істеуі үшін күнделікті қанша энергия жұмсайтыны ғана емес, сонымен қатар, күнделікті тірлікке қаншасы кететінін де ескерілген. Ғалымдар мұны зәр анализі арқылы анықтаған екен: тәжірибеге өз еркімен қатысқандар әдеттегі сутегі және оттегі  атомдары ауыр изотоптармен алмастырылған суді шкен, артынан оның организмнен қанша уақытта шығатыны қадағаланған. Адамдардың көбісі жаңсақ пайымдағандай, жасөспірім шақта, дәлірегі, 20 жасқа дейін метаболизм жылдамдығы мен калорияны жоғалту өзінің шарықтау шегіне жетеді. Алайда, ғалымдар метаболизмнің жоғары деңгейі тек бір жасқа дейінгі шараналар мен нәрестелерде ғана болатынын анықтап отыр. Олардың организмінің энергияға деген қажеттілігі алғашқы 12 айда күрт артады – осылайша ол алғашқы бір жылының соңына таман ересек адамға қарағанда өз денесінің тұрқымен салыстырғанда калорияның 50 пайызын жоғалтады. Метаболизм жылына шамамен үш пайызға баяулап отырады – 20 жасқа толғанша, содан соң калорияның жоғалу жылдамдығы қалыпты нормаға келеді. 20-25 жаста да метаболизм тұрақтылығымен ерекшеленеді. Тіпті, жүктілік кезінде де құрсақтағы шарананың өскен сайын салмағы артатынын ескерсек, аяғы ауыр әйелдің калориялық қажеттілігі бір қалыптан айныған емес. Метаболизм 60 жасқа толмайынша баяуламайды. Баяулау процесі біртіндеп келеді – жылына 0,7 пайыздан аспайды. Ал 90 жастағы адамға күніне 26 пайызға кем калорияның өзі жеткілікті орта жастағы адамға қарағанда. Бұл жайт жасуша метаболизімінің біртіндеп баяулауымен байланысты. 

0 пікір
Мұрағат