Мамандар айнасы бар бөлмеде ұйықтаудың қандай қатері барын айтты
Мамандар айнасы бар бөлмеде ұйықтаудың қандай қатері барын айтты
3 жыл бұрын 6183 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Адамзат айнаны тылсым күштің бір атрибуты көретін кезеңнен өтіп кеткен. Соған байланысты айнаға қатысты қандай да бір ырым-тыйымды бүгінде елемейді. Мәселе айнаның өзінде емес, адамның таным-түсінігінің бейсаналы елесінде жатыр. Ескінің елесі – түпсанада қалып қойған. Осыған байланысты айнасы бар бөлмеде ұйықтау өз кезегінде адамның алаңсыз ұйықтауына кедергі келтіріп, психикалық денсаулығына нұқсан келтіруі мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұлыбританиялық ғалымдар айнасы бар бөлмеде немесе айнаның жанында ұйықтаудың нақты қандай қатері барын айтты. Адам шырт ұйқыда жатып кенеттен оянып кеткенде айнаға көзі түссе, психикалық соққы алуы мүмкін. Өйткені, адам шырт ұйқыдан оянғанда миы бірден толыққанды жұмыс істемейді, яғни, ненің не екенін ажырата алмайды.

0 пікір
Мұрағат