Магниттік нанобөлшектер трансплантация үшін мұздатылған тіндерді қауіпсіз жолмен жылытады
|
Бұл арада криоконсервіленген тіндерді жылдам жібіту үшін магниттік нанобөлшектерді және магнит өрістерін пайдаланатын бірегей технология турасында сөз болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы pubs.acs.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Риверсайдағы Калифорния университетінің ғалымдары трансплантация үшін адам ұлпасының өмірін ұзартатын жаңа технология ойлап тапты. Наножылыту деп аталатын әдіс тіндерді жылдам қыздыру үшін кішкентай магниттік бөлшектерді пайдалануды ұйғарады. Трансплантациядан (донорлық ағзаны өзге организмге кіріктіру отасы) бұрын донордан алынған ағзалар істен шықпасы үшін тасымалдау кезінде өте суық ортада сақталуы керек. Төмен температура метаболикалық (зат алмасу процесі) белсенділікті және ағзаның оттегіге қажеттілігін төмендетеді. Десе де қолданыстағы процедуралар толығымен қауіпсіз емес: ағзаны мұздату кезінде мұз кристалдарының түзілу процесіне жол бермейтін әдістер әзірленгенімен, ағзаға қатқан мұзды еріту процесінде ағза тіндері зақымдалуы мүмкін. Ғалымдар мұздатылған тіндердің мұзын шапшаң және біркелкі еріту әдісін ойлап тапты. Аталмыш технология еру процесі кезіндегі ағзаның зақымдалу қаупін азайтады. Мұздату кезінде криопротекторлық агенттермен бірге зерттеушілер тінге дисперсиясы жоғары нано өлшемді магниттік бөлшектерді құйды. Тіндерді қалпына келтіру үшін ағза магнит өрісіне орналастырылады. Сырттан қыздырудан айырмашылығы – наножылыту тәсілі матаның ішіндегі бөлшектерден жылу шығару арқылы жүзеге асырылады. Нәтижесінде ағза мейлінше тез әрі біркелкі (яғни, барлық тұсы бірдей) қалпына келетін болады. Бұл бағыттағы сынақ кезінде қолдан, яғни, зертханада өсірілген жануар жасушалары немесе тіндері магниттік нанобөлшектердің ерітіндісіне және криопротекторға орналастырылды, содан кейін сұйық азотпен мұздату процесі жүзеге асырылды. Зерттеушілер бұл тарапта екі сатылы наножылыту технологиясын пайдаланды. Біріншісі, айнымалы магнит өрісі тіндерді тез қыздырады. Содан кейін нанобөлшектердің жоғары концентрациясы бар, яғни, қызу қарқыны жоғары аймақтардағы қызу процесін баяулату үшін статикалық магнит өрісі қолданылады.
Ұқсас материалдар:
«Ғалымдар трансплантацияланатын ағзаларды сақтаудың жаңа әдісін ойлап тапты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-transplantatsiyalanatyn-agzalardy-saqtaudyn-jana-adisin-oilap-tapty-20707/#gsc.tab=0);
"Донор жүрегін сақтау мерзімін ұзартатын әдіс табылды" (https://islam.kz/kk/news/arturli/donor-juregin-saqtau-merzimin-uzartatyn-adis-tabyldy-18922/#gsc.tab=0)