Күн мұржасы жылуға кететін электр энергиясының 50%-н үнемдеуге мүмкіндік береді (видео)
Күн мұржасы жылуға кететін электр энергиясының 50%-н үнемдеуге мүмкіндік береді (видео)
5 жыл бұрын 3176 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Күн мұржасы тек жылуға кететін электр энергиясының қақ жартысын үнемдеп қана қоймай, сонымен қатар, өрт шыққанда үй қожайынын аман қалуы мүмкін. Мельбурн королдік технология институты ғалымдарының аталмыш жобасы Energy and Buildings мерзімді басылымында жарияланды.Аталмыш зерттеу авторларының жазуынша, әлемдік энергетикалық ресурстың шамамен 19%-ы ғимаратты жылуға, желдетуге, салқындатуға кетеді екен. Күн мұржасының қондырғысы – ғимараттағы температураны реттеуге арналған табиғи желдеткіш пайдаланылатын, пассивті жылыту және салқындату жүйесі. Заманауи күн мұржасы шыны қабырғадан тұрады. Мұндай конструкция күн энергиясын барынша сіңіруге мүмкіндік береді. Аталған қондырғының асты-үстінен желдетуші саңылау ғимаратты жылыту немесе салқындату үшін мұражаның ішіндегі және сыртындағы ауа ағынын басқарады. Күн сәулесі мұржаны жылытқан кезде ол жылып, ішіндегі ауа да жылитын болады. Күн мұржасын жасаушылар, сондай-ақ, өрт кезінде көмірқышқыл газын тартып алып, ішке таза ауа енгізетін тетікті де әзірлеген болатын. Яғни, аталмыш қондырғы өрт кезінде иіс тиіп өлудің алдын алады әрі бұдан да басқа пайдасы көп: тек электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік беріп,  қоршаған ортаға келетін зиянды азайтуға септігін тигізіп қоймай, сонымен қатар, өрт кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

0 пікір
Мұрағат