Күн батареясымен жабдықталған жүк көліктерінің тоңазытқышы азық-түлікті бүлінуден сақтайды
Күн батареясымен жабдықталған жүк көліктерінің тоңазытқышы азық-түлікті бүлінуден сақтайды
3 жыл бұрын 1983 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ-та азық-түлік тоңазытқышы күн энергиясымен жұмыс істейтін жүк көлігі жұртшылық назарына ұсынылды. Яғни, азық-түлікті діттеген жеріне жеткізгенше дизелді отынды қажет етпейтін, жаңғыртпалы энергия көзімен жұмыс істейтін, сол себепті, қоршаған ортаға бөлінетін зиянды заттарды азайтатын үк көлігі турасында сөз болып отыр бұл арада. Бұл жайында  islam.kz порталы goodnewsnetwork.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, XL Fleet батареялар мен аккумулятордан қуат алу жүйесімен жабдықтаушы компания азық-түлік тасымалдайтын жүк көліктерін күн панелдімен жабдықтады. Жүк көлігіндегі күн панелі азық-түлікті 100 трейлердегі суықта сақтап қоймай, сонымен қатар,  азық-түлікті сақтау үшін атмосфераға бөлінетін зиянды заттардың мөлшерін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік бермек. Әдетте супермаркеттер мен өзге де сауда-саттық желісіне азық-түлікті жеткізу кезінде дизелді отын пайдаланылатын – азық-түлік тоңазытқышы жұмыс істеуі үшін әдетте сағатына 3,7 дизелді отын жұмсалатын, бұл өз кезегінде атмосфераға шамамен 22 литр көмірқышқыл газдың бөлінуіне ықпал ететін еді. XL Fleet міндеті — азық-түлік корпорациялары мен жүк көлігінің парктеріне тасымалдау шығынын азайтуға көмектесіп, бір мезгілде экологияғаға келетін залалды кемітуге саяды. Бір ғана АҚШ-тың өзінде жыл сайын дизелді отынмен жүретін 50 мыңға тарта жаңа тіркеме сатылады екен, осылайша ауаны ластаушы осынша техниканың пайдаланылуына жол ашылады. Ендігі жерде XL Fleet және eNow компаниясы литилік-иондық батарея мен күштік электроника технологиясы кіріктірілген жүйелерді жобалаумен әрі әзірлеумен айналысатын болады. Аталмыш жүйелерді 8 кластық тіркемеге орнатады – шамамен 12 сағат бойы қуаттаусыз жұмыс істейді.

0 пікір
Мұрағат