Күн батареяларынан 200 есе тиімді: ғажайып шарлар, тіпті, жасанды жарықтан да қуат алады (видео)
Күн батареяларынан 200 есе тиімді: ғажайып шарлар, тіпті, жасанды жарықтан да қуат алады (видео)
4 ай бұрын 1015 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: WAVJA |

WAVJA компаниясы (АҚШ) заманауи фотоэлементтердің баламасы бола алатын инновациялық құрылғы. Ол әдеттегі күн панелдерімен салыстырғанда 30 есе аз орын алғанымен одан 7,5 есе қуатты. Бұл жайында islam.kz порталы The Сooldown ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көлемі небәрі 2,54 см-ден 10,16 см-ге дейінгі кішкентай моншақтар электр энергиясын өндіру үшін күн сәулесін де, жасанды жарықты да пайдалана алады. Аталмыш компанияның атқарушы президенті Шерин Шеннің айтуынша, «фотоникалық энергия жүйесі» деп аталатын технология жетілдірілген материалдардың бірнеше қабатын пайдаланады. Әрбір сфераның кәдімгі күн модулдерінен бірнеше есе жоғары артықшылығы бар: күн батареяларына қарағанда 30 есе кіші, есесіне 200 есе тиімді, сонымен қатар, қолданыстағы модулдерден 7,5 есе қуатты. Шарлар жарықты электр энергиясына түрлендіретін жүйенің бөлігі болатын шаршы пішінді құрылғыға орналастырылған. Бір қызығы, сыртқы батареяны қосу қажет емес, себебі, оның өзі автономды батарея жүйесі. Дегенмен, сізге үшінші тараптың қуат көзін қосу қажет болса, мұны әртүрлі жолдармен жасауға болады. Фотонды энергия жүйесі планшеттер мен телефондарды зарядтай алады. Қазір көлікте 20 шардан тұратын қондырғы сынақтан өтуде. Технология шын мәнінде белгіленген қуатты жеткізе алатын болса, бұл жаңалық күн энергиясындағы нағыз серпіліс, серпіліс емес-ау нағыз төңкеріс болады. Бейнежазбадағы дерекке сәйкес үшінші ұрпақ ұқсас өлшемдегі күн панелінен 60 есе қуатты болады.

 

0 пікір
Мұрағат