Көз қарашығының көлемі мен адам интеллектісінің арасында байланыс бары анықталды
|
Джорджия технологиялық институтының ғалымдары көз қарашығының көлемі мен адам интеллектісінің арасында байланыс барын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Scientific American мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта жүргізілген тәжірибеге жасы 18-34 аралығындағы атланталық 500 адам өз еркімен қатысқан екен. Белгілі болғандай, көз қарашығының көлемі адамның тек эмоциялық жай-күйімен ғана байланысты емес, сонымен бірге, интеллектуалдық айырмашылықты да аңғартатын «барометр» болып шықты. Бұл тараптағы тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, көз қарашығы үлкендерінің жақсы нәтиже көрсеткен. Сондай-ақ, ғалымдар көз қарашығының көлемінің өзгеруі жаспен еш байланысы жоғын алға тартып отыр. Ғалымдар бұл феноменді былайшы түсіндіріп отыр: көз қарашығы үлкен адамдардың мидың жады мен интеллектіге жауапты бөлігінің белсенділігі жоғары болып келеді.