«Көрінбейтін адам» – мөлдірлікті іске қосатын адам жасушасы жасалды
|
Көзге көрінбейтін адамға айналуды армандайтындардың бұл тілегі орындалатын күнге алыс қалған жоқ. Скептиктер миығынан күле қарайтын қияли нәрсенің нақты өмірде жүзеге асуына сенбейтіндер көп. Тіпті, «Көрінбейтін адам» деп аталатын көркем фильмдер де адамның бұл арманның орындалуына қаншалықты ынтазар екенін әйгілеп береді. Бұрын тек қиял ғажайып ертегілер мен аңыз әңгімелерде ғана айтылатын нәрселер кейін іске асып жатады. Ұшатын кілемді ойлап тауып, аспанға ұшты, ғарышқа аттанды, т.б. Адамның көрінбейтін жаратылыс иесіне айналуға не кедергі? Жалпы қанша қиял ғажайып дегенімізбен, бәрі өмірден алынған (сол себепті, оның орындалуына бұл алғышарт бола алады); мысалы, құстың ұшуына қарап адам көкте самғауды аңсады, т.б.
Ғалымдар кальмар деп аталатын теңіз жануарының айрықша жаратылысынан шабыт алып, өзгеше ерекшелігі бар адам жасушасын жасай алды. Жалғыз кальмар ғана емес, терісі мөлдір өзге де тірлішік иелері бар, мысалы, ішін ақтарып, соймай-ақ, ішек-бауырын, т.б. ағзаларын көруге болатын бақа мен балықтарды айтсақ та жеткілікті. Сонымен болашақта биологтер қалаған кезіңде толық мөлдір болып, артынан тері мен ағзалардың бастапқы түсіне енуіне мүмкіндік беретін жасуша алуға қол жеткізуді көздеп отыр. Бұл бағытта қол жеткізілген жетістіктің қыр-сыры Nature Communications мерзімді басылымында жарияланды, Ирвайндағы Калифорния университетінің ғалымы Элон Городецки (Alon Gorodetsky) бастаған ғалымдар тобының бұл маақаласында айтылғандай, әлемде мөлдір тіршілік иелері кездескенімен олардың дені өзінің мөлдірлігін басқара алмайды. Мысалы, терісінің түсіне қоршаған ортаға қарай өзгерте алатын кесіртке (хамолеон) секілді қабілетке ие емес. Яғни, қалаған уақытта мөлдір кейіпке еніп, артынан қалаған уақытында бастапқы түсіне оралатын қабілет турасында сөз болып отыр бұл арада.
Мөлдір кейіпке енгенімен артынан бастапқы түсіне орала алатын кальмардың Doryteuthis opalescens түрі жыртқыштан қорғану үшін уақытша өз тінін мөлдір етіп өзгерте алады. Аталмыш жоғарғы оқу орнының ғалымы Атроули Чаттерджи (Atrouli Chatterjee) бұл ғылыми жобаның жарықты сіңіру, шағылыстыру әрі өткізу секілді бақылауға әрі басқаруға келетін ерекшеліктері бар жасушалар мен тіндерді жасауға бағытталғанын тілге тиек етті.
Кезінде қолға алынған медузаның жарық шашу тетігін зерттеу нәтижесі оптогенетика секілді аса қуатты әдістің пайда болуына ықпал еткен еді. Ол ғалымдарға қажетті қандай да бір ақуыздардың қайда пайда болатынын жасушадан індете тексеруге мүмкіндік береді. Бұл тәсілдің арқасында осы уақытқа дейін талай жаңалықтар ашылғанын айта кету керек. Бұл жолы да ғалымдар осы әдіске жүгініп көрмек.
D. opalescens түрінің өкілінде дененің мөлдірлігі мен терінің түсін басқаруға бейімделген арнайы жасуша бар. Ол лейкофор деп аталады. Бұл жасушаның құрамында рефлектина деген атпен белгілі ақуызды қамтитын лейкосом – орнанелла кездеседі. Ол химиялық стимулға бағына отырып, оптикалық өзгешелігін басқара алады. Ғалымдар рефлектиннің синтезіне жауапты ген ДНК-сын енгізу арқылы адам бүйрегінің генетикалық тұрғыдан модификацияланған жасушасын жасады. Белгілі болғандай, адам жасушасы рефлектина істеп шығарғанда адам тәнінде ол өздігінен лейкосом секілді ұйымдаса алатын болып шықты.
«Жасушалардың рефлексинді экспрессирлеп қоймай, сонымен қатар, ақуызды сфероидалды наноқұрылымға жинап, жасуша денесіне тарататыны таңқалдырды. Фазалық микроскопияның арқасында біз ақуыз құрылымының өзге оптикалық сипатқа ие екеніне көз жеткіздік. Жасушаның цитоплазмдық ішімен салыстырғанда»,- деп мәлімдеді Элон Городецки.
Зерттеу дененің мөлдірлігі мен тері түсіне әсер ететіндей жасушаны ақуызды синтездеуге икемдеумен шектелмейді, ендігі жерде - осынау ақуыздардың оптикалық өзгешелігін басқаруды үйренуі керек. Басқарушы стимул ретінде биологтер кәдімгі ас тұзын NaCl) пайдаланып көрген екен. (Тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, натрия хлоридасының концентрациясы рефлектиннің мөлдірлігіне әсер ете алған. Яғни, тұтас жасушаға да әсер етеді деген сөз. Оладың мөлдірлігін арттыру үшін цитоплазмдегі тұздың шоғырлану деңгейін азайту керек немесе арттыру қажет.