Көрген түсіңізді экранға шығаратын технология пайда болды (видео)
Көрген түсіңізді экранға шығаратын технология пайда болды (видео)
2 ай бұрын 924 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Dream Recorder – көрген түсіңізді жасанды зерде көмегімен жазып алатын, яғни, таспаға тартатын гаджет. Бұл жайында islam.kz порталы tourprom ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл технология ұйқыңызды бұзбайды. 3D-деталдарынан жинастырып құрастыруға коды ашық. Голландық Modem дизайнер студиясы көрген түсіңізді айтқаныңызға қарай жасанды зерде көмегімен қысқа видеоға айналдыратын Dream Recorder футуристік гаджетін жұртшылық назарына ұсынды. Ерекше құрылғы көрген түсіңізді тек жазып алып қоймай, сонымен қатар, сақтап қояды. Dream Recorder аппаратының жұмыс істеу принципі қарапайым келеді: адам оянған соң сөзін құрылғыға баяндайды. Ал жасанды зерде оны түстің атмосферасынна тән бояуды сақтай отырып, видеоға айналдырады. Айрықша гаджетті жеті түске дейін сақтауға болады. Бұл артқышылық көрген түсетеріңізді кейін асықпай отырып сүзгіден өткізуге, талдауға, сараптауға мүмкіндік бермек.

0 пікір
Мұрағат