Көк өскін өсетін «тірі» мата жасалды (видео)
Көк өскін өсетін «тірі» мата жасалды (видео)
2 күн бұрын 511 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Корнелл университетінің адам экологиясы колледжі (CHE) көк өскін болып өсетін «тірі» тоқыма мата ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы naukatv ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тұқым бас киімдер, білезіктер, күнқағарлар, жаздық аяқ киім үшін гидрогелді материалына тоқылады және мұндай матадан тігілген киіді күтіп кигенде өседі. Адам мінез-құлқын жобалау бойынша CHE PhD студенті Жинвен Шу Йокогамадағы CHI'25 есептеу жүйелеріндегі адам факторлары жөніндегі ACM конференциясында LivingLoom деп аталатын технологияны жұртшылық назарына ұсынған еді. CHE антропоцентрикалық дизайн кафедрасының Синди Син-Лиу Као есімді ғалымы мұндай технологияның қандай маңызы барын түсіндіріп берді. Оның айтуынша, адамзат өсімдіктерді бар-жоғы азық-түлік пен мата жібіне арналған шикізат немесе ресурс ретінде қарайды. Өсімдік әлемемін әріптестік жолға қойылмаған. Қоршаған ортаға деген көзқарасымызды қайта қарауымыз керек. Бұл технология өсімдік әлемімен қарым-қатынасымызды өзгертуі мүмкін. Материалды «қайта жаңғырту» екі түрлі тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін. Осы орайда Као басқаратын гибридті дене зертханасында ылғалды иірімжіп және жіп жабындысы технологиясының пайда болғанын айта кетпекпіз. Ылғалды иіру кезінде полимерлер коагуляциялық ваннаға жаншылады, яғни, талшықтарға айналады. Онда тиiстi күтiм болған жағдайда жiптен өсетiн чиа тұқымы қосылады. Мұндай жіптерден мата суды сақтап, тамырын ұстап тұратын құрылымдарды жобалауға мүмкіндік беретін сандық жаккард станокта дайындалады. Осылайша тұқым тікелей ұлпадан өсіп-өну арқылы қоректік заттарға, өсу кеңістігіне және суға ие болды. LivingLoom білезігін тағып, бұл бағыттағы тәжірибеге қатысқандар дені симбиоз (әр түрлі екі немесе бірнеше организмдердің тұрақты түрде бірге тіршілік етуі) құбылысын бастан кешіргенін жеткізген: мәселен, өсімдік суды қажетсінгенде бұлар да су ішкен. Бұл технология цифрлы ауыл шаруашылығында, тағам өнеркәсібінде, адам-машина интерфейсіне қажетті датчиктер мен актуарторларда қолданылауы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат