|
Клиникалық өлімнің құпиясы ашылды ма
|
“Клиникалық өлім”тіркесі әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында жиі кездеседі. Бұл жайында islam.kz порталы Виржиния университетінің (Америка құрама штаттары) Брюс Грейсон және Мариета Пехливанова есімді қос ғалымның ғылыми ортаны дүр сілкіндірген осынау құбылысқа қатысты мақаласы жарияланған Psychology of Consciousness: Theory, Research and Practice мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жазатайым оқиғадан немесе ауыр дерттен өлім аузынан қалғандар ерекше сәтті бастан кешіргенін, былайша айтқанда, арғы дүниенің қақпасын қағып қайтқанын баяндап жатады. Америкалық медицина ғылымдары докторының бұл феноменге нейрофизиологиялық тұрғыдан жүргізген зерттеуі негізінде жасалған тұжырымға сенсек, клиникалық өлім - мидың белсенділігінен пайда болатын елес (галлюцинация). Ғалымдар бұл тарапта «Өлімге жақын халді түсінудің нейрофизиологиялық, эволюциялық, психологиялық теориясы» (NEPTUNE) атты моделін зерттеді. Аталмыш зерттеу барысында клиникалық өлімді бастан кешіргендердің айтқаандары да ескерілді. Теорияға сәйкес экстраординарлық галлюцинация мидағы газдардың құрамындағы өзгерістерден туындауы мүмкін: оттегі жетіспейді, ал көмірқышқыл газының мөлшері өседі. Сондай-ақ, NEPTUNE авторларының пікірінше, елестер мидың ерекше химиялық немесе электрлік белсенділігіне байланысты болуы мүмкін. NEPTUNE теориясының авторлары денеден тыс тәжірибе орын алатынын алға тартады,, бұл арада жанның уақытша тәнді тастап шығатыны жөніндегі гипотеза турасында сөз болып отыр. Бұл тәжірибені ғалымдар мидың белгілі бір аймағының, атап айтқанда, маңдай-самай тұсының (ВТУ) жандануының салдары деп болжайды. Оған жауап ретінде Грейсон мен Пехливанова мұндай гипотезамен келіспейді. Мысалы, префронталдық қабаттың белсенділігі кезінде «денеден шығу» сезімі пайда болуы мүмкін, алайда, көру сезімі бұрынғыша сақталып қалады. Ал көру сезімі тікелей ми арқылы жүзеге асады. Ал клиникалық өлімнен аман қалған адамдар кейде өз денесін сырттан қарайтындай сезінеді. Бұл зерттеу несімен маңызды? Ең алдымен сана мен миға қатысты ауқымды мәселелерді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.