Кәріліктің тоқтаусыз дамуына жол ашатын тетік табылды
|
Жапониядағы Токио университетіне қарасты медицина ғылымдарының институты ғалымдары қан жасушаларының жасаруына жол бермейтін қанның қартаюына ықпал ететін тетікті тапты. Бұл жайында islam.kz порталы бұл бағыттағы зерттеу материалы жарияланған Journal of Experimental Medicine мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, күншығыс елінің ғалымдары тәжірибе жүргізіп, 8 апталық жас тышқанға 20 айлық кеміргіштің бойынан алынған кәрі діңгекті гемопоэтикалық қан жасушасын енгізген болатын. Белгілі болғандай, кәрі жасушадағы ген белсенділігі артқан, алайда, оның функциясы қалпына келмейтіні анықталған. Яғни, ДНҚ метилирлене картинасы (яғни, ДНҚ-ның нуклеотидтік тізбектілігін өзгертпей ДНҚ молекуласын түрлендіру деп ұғыңыздар – ред.) өзгермейді. Былайша айтқанда, жасуша жасармайды. Десе де жапон ғалымдары бұл зерттеудің нәтижесі өз кезегінде жас ұлғая келе пайда болатын қан ауруларын емдеудің тың әдіс-тәсілін табуға көмектесетінін алға тартып отыр. Жалғасын табатын зерттеудің келесі кезеңдерінде кәрі діңгекті гемопоэтикалық жасушаларының функциясына орны толмайтындай әсерін тигізетін тетік анықталуы тиіс.
Ұқсас жаңалықтар: «Кәріліктің тағы бір маркері белгілі болды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/kariliktin-tagy-bir-markeri-belgili-boldy-14450/#gsc.tab=0)