Кәрілікті тежеудің тағы бір тәсілі табылды
Кәрілікті тежеудің тағы бір тәсілі табылды
4 жыл бұрын 7752 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Мутацияға ұшыраған сестрин ақуызы адам ғұмырын ұзартуға септігін тигізетін болып шықты. Макс Планк атындағы кәрілік биологиясы институтының ғалымдары осындай тұжырымға келіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта арнайы зерттеу кезінде мамандар қара шыбынға тәжірибе жүргізіп көреді: олардың діңгекті жасушаларында сестрин ақуызын арттырады. Аталмыш зерттеу авторларының бірі Линда Патридждің айтуынша, сестрин ақуызы белгілі бір амин қышқылдарын байланыстырады. Бұл байланысты болдырмағанда шыбындар ұзағырақ өмір сүрген. Амин қышқылдарын байланыстыруға қабілетсіз мутацияланған сестрин ақуызы қартаю процесін тежей алған. Бұдан бөлек, бұл ақуызды ішектің діңгекті жасушаларында арттырғанда шыбынның өмір сүру ұзақтығы 10 пайызға артқан. Ғалымдардың топшылауынша, сестрин ақуызы адам организімінің қартаю процесін де тежейді. Десе де бұл гипотеза деңгейінде болғандықтан аталмыш зерттеу жалғастырылатын болады.

0 пікір
Мұрағат