Канадалық стартап «мәңгілік химиялық заттарды» жою үшін миллиондаған доллар жинады
Канадалық стартап «мәңгілік химиялық заттарды» жою үшін миллиондаған доллар жинады
7 ай бұрын 853 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Bastiaan Slabbers / ZUMAPRESS.com / Globallookpress.com

Экологиялық таза материалдарды жасауға машықтанған, яғни, маманданған канадалық Claros Technologies стартапы PFAS - «мәңгі химиялық заттарды» жою технологиясын әзірлеу үшін 22 миллион доллар жинады. Бұл жайында islam.kz порталы ESGtoday ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. PFAS (перфторалкил және полифторалкил қосылыстары) планета мен адамдар үшін қауіпті химиялық заттар болып саналады, өйткені, қоршаған ортада жойылуы қиын. Бұл қосылыстар түрлі қаптамаларда, тазартқыш құралдарында, күдірмейтін ыдыс-аяқта, бояуда, т.б. тұрмыстық заттар мен бұйымдарда кездеседі. Аталмыш компания жасыл химия мен озық технологияларға негізделген экологиялық өнімдер ұсынады. Соның ішінде, ресурстарды ұдайы және қайта пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған. Claros технологиясы тек қоршаған ортаға ғана емес, сонымен қатар, адам денсаулығына да зияндылығы бұл бағыттағы зерттеу нәтижелерінен айқындалған PFAS-ны сүзеді, оны шоғырландырады, содан кейін оның көміртегі-фторидтік байланысын жояды. Компания  технологиясы сынақтан өткен және PFAS барлық түрлерінің 99,99 пайызында қосылыстарды жоюда тиімді екенін көрсетті.

Ұқсас материалдар:

«Магниттердің көмегімен су жарты минутта «мәңгілік химиялық заттардан» тазартылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/magnitterdin-komegimen-su-jarty-minutta-mangilik-himiyalyq-zattardan-tazartyldy-video-18073/#gsc.tab=0);

«Мәңгі химикаттарды» қауіпсіз жолмен жоюдың әдісі табылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/mangi-himikattardy-qauipsiz-jolmen-joyudyn-adisi-tabyldy-17279/#gsc.tab=0);

«Суды «мәңгі химикттардан» тазарту тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sudy-mangi-himikttardan-tazartu-tasili-tabyldy-16835/#gsc.tab=0);

«Адамзатқа қауіп төндірген «мәңгілік химиялық заттарды» жоятын реактор жасалды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/adamzatqa-qauip-tondirgen-mangilik-himiyalyq-zattardy-joyatyn-reaktor-jasaldy-17388/#gsc.tab=0);

«Әлем бойынша жауын суындағы химикаттар шектен тыс көбейіп кеткен» (https://islam.kz/kk/news/arturli/alem-boiynsha-jauyn-suyndagy-himikattar-shekten-tys-kobeiip-ketken-17233/#gsc.tab=0);

«Адам организімінен 55 жаңа химиялық элемент табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-organiziminen-55-jana-himiyalyq-element-tabyldy-14971/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат