Жүректің жұрнағы 3D-принтерде басылып шықты
Жүректің жұрнағы 3D-принтерде басылып шықты
2 жыл бұрын 1366 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Бейне: Wyss Institute at Harvard University

Әлемге әйгілі Гарвард университетінің бір құрылымы болып табылатын Висса институтының мамандары 3D-принтерде адам жүрегінің фрагментін басып шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Заманауи технология силикон мен пациент жасушаларының көмегімен жүрекке арналған имплант жасауға мүмкіндік бергенімен аталмыш ағзаның толыққанды жұмысын қамтамасыз ете алмайды. Осы мәселені зерделеген білікті мамандар жүрек макрофиламентінің 3D-принтерін ойлап тапты. Мұндай жолмен алынған тінді регенеративті медицина саласында қолдануға болады. Дәрігерлер SWIFT (Sacrificial Writing in Functional Tissue) технологиясын жетілдірді. Ең алдымен, мамандар әрқайсысында екі микроскопиялық баған бар 1050 саңылау түріндегі тіндердің негізін жасайды. Содан соң дамып, түрлі пішінге ене алатын діңгекті жас жасушалармен шұңқырлар толтырылады. Өсірілген материал жүрек тінінің аналогын басып шығару үшін қолданылатын био-сияны жасау үшін пайдаланылады. Ғалымдар бұл бағытта белгілі бір жетістікке қол жеткізгенімен, 3D принтерде адамның толыққанды жүрегін басып шығару әлі толық жолға қойылған жоқ. Дегенмен, басып шығарылған жіптерді инфаркттан немесе жүректің басқа зақымдануынан тыртықтарды ауыстыру үшін пайдалануға болады.

0 пікір
Мұрағат