Жомарттық адамның ғұмыр жасын ұзартатыны белгілі болды
Жомарттық адамның ғұмыр жасын ұзартатыны белгілі болды
4 жыл бұрын 4609 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Осыдан 14 ғасыр бұрын қасиетті Құрандағы аяттардың, Пайғамбарлар падишасының (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтып кеткен асыл сөздерінің растығын ғылым дамыған сайын дәлелдеп келеді. Садақаның төніп келе жатқан бәле-жаланың бетін қайтаратынын да осы заманғы зерттеу растап отыр. Осы бағытта арнайы ізденген Германия мен АҚШ ғалымдары жомарттық пен қоғам өмірінің орташа өмір сүру ұзақтығы арасындағы тығыз байланысты анықтады. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі шетелдік ғылыми мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш зерттеу деректердің өзгеше форматына негізделген: ғалымдар мемлекеттік мекемелер мен жекеменшік ұйымдар тарапынан қайтарымсыз көмек көрсеткен елдерге қатысты мәліметтерді талдаған екен. Соның ішінде әлеуметтік төлемдер мен жекелеген кәсіпкерлерге көрсетілген субсидия, зейнетақы, қайырымдылық шаралары, т.б. ғалымдардың назарынан тыс қалған жоқ. Нәтижесінде Сахара шөлінің оңтүстігінен былай жайғасқан елдерде қайтарымсыз көмек көрсету ең төменгі деңгейді көрсетіп, өлім-жітім деңгейі жоғары болғаны анықталды. Ал адамға жәрдемдесу бойынша қайтарымсыз көмек көрсетуден көш бастаған Жапония мен Францияда өмір сүру ұзақтығы ең жоғары деңгейге жеткен. Зерттеу барысында белгілі болғандай, аталған екі мемлекет тұрғындары өмірінде өз табыстарының шамамен 68−69%-ын туған-туыстарына, дос-жарандарына, тұрмысы төмен мұқтаж адамдарға, қайырымдылық қорларына беретін болып шықты. Бір қызығы, Оңтүстік Африка республикасы секілді жан басына  шаққанда жалпы ішкі өнім көрсеткіші көп төмен болғанына қарамастан қайтарымсыз аударымдарды жүзеге асыру бойынша алдыңғы шептен көрінген ел тұрғындарының да өмір сүру жасы ұзақ болып шыққан. Ресурс бөлісу өз кезегінде адамның бойындағы стрес деңгейін төмендететін болып шықты.

0 пікір
Мұрағат