Жол көрсетуші чемодан
Жол көрсетуші чемодан
5 жыл бұрын 2718 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жапон компаниясы жасанды интеллекті технологиясын қолдана отырып, чемодан түріндегі роботты құрастырмақ. Бұл чемодан өз кезегінде саяхатқа немесе сапарға шыққан, өз бетінше жүріп-тұруы қиын зағип жандарға жөн сілтеп, жол көрсететін қызметті қоса атқарады. Яғни, көзі көрмейтін мүмкіндігі шектеулі жандар ешкімнің көмегіне сүйенбей өз бетінше жол жүре алады. Жол бастаушы робот пайдаланушының қайда жүріп-тұрғанын және картографиялық мәліметтерді қадағалайды. Пайдаланушының діттеген жеріне тез әрі қолайлы бағытпен жетуі үшін. Осыдан кейін жасанды интеллекті дауыс және тактилді технология көмегімен чемодан тұтқасы арқылы қожайынын жүретін жағына бағыттайды. Сапар кезінде жасанды интеллекті видекамера мен датчик арқылы мәліметтерді сараптайды. Жолындағы кедергілерді ескерту үшін. Сондай-ақ, ол интерактивті тілдесу функциясына ие. Жол-жөнекей кездескен, жақын маңдағы дүкендерді хабарлап отыратын. Қожайыны қажетті заттарын алуы үшін. Мұндай идея IBM Japan қызметкері, жанары жасық Чиеко Асакаваға тиесілі. Сапарға шыққан сайын қиналатын ол чемоданды жол бастаушыға айналдыруды ұсынды. Оның бұл жобасы жасанды интеллектіге, Alps Alpine (тактилді технологияға), Omron (бейнені тануға және дачтикке),  Shimizu (навигациялық жүйеге) және  Mitsubishi (автоматтандыру технологиясына) жауапты бірнеше алдыңғы қатарлы компаниялардың басын қосатын IBM Japan электронды компанияға ой салады. Бұл жайында techcult.ru ақпарат көзі хабар таратты. 

Чемодан

0 пікір
Мұрағат