Ғалымдар обырды иісінен ажырататын құрт өсірмек
Ғалымдар обырды иісінен ажырататын құрт өсірмек
4 жыл бұрын 2450

Ғалымдар "жаман аурудың" 15 түрін иіскеп табатын жұмыр құрттар өсірмек. Мұндай бірегей әдісті жапон ғалымдары ойлап тапқан, деп baq.kz порталы РИА Новости ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Hirotsu Bio Science Inc компаниясының директоры Хироцу Такаакидің айтуынша, ғылымда нематод немесе қарапайым тілде жұмыр құрт атанып жүрген құрт тұқымының ерекше қабілеті бар.

Нематод құрттарының ерекшелігі – иісті тез сезеді әрі ұнаған иісіне қарай жылжып, ұнамаған иісінен қашады. Сол қасиетіне сүйеніп адамның дәреттерін қойып, жанына құрттарды жібереміз. Егер құрт дәретке жақындаса, онда обыр жоқ деген сөз. Ал жақындамай қойса, онда бір кінәрат бар деген сөз, - дейді ғалым.

Бұл тәсілмен қатерлі ісіктің 15 түрін ерте анықтауға болады екен: асқазан обыры, тоқ ішек обыры, өкпе обыры, кеуде обыры, омырау обыры, ұйқы безі обыры, бауыр обыры, қуықасты безі, өңеш обыры, аналық без обыры, өт қабы мен өт жолы, несеп жолы, бүйрек, ауызасты обыры, тамақ обыры.

Қатерлі ісікті анықтаудың мұндай тәсілін табуға ғалымдарға иттің қабілеті көмектескен. Өйткені, ит те иісті тез сезеді әрі үйретуге, баптауға келгенде алдына жан салмайды. Бұған дейін жапон ғалымдары ракты анықтау үшін иттерді пайдаланған еді. Ал пошымы кішкентай, ұзындығы 1 миллиметрге әрең жететін жұмыр құрттың артықшылығы – итке қарағанда иісті 1,5 есе тез сезеді. Құрылғы анықтай алмайтын иісті сезе алады. Ал бұл ракты ерте кезде анықтауға мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат