Жеуге болатын робот жасалды (видео)
Жеуге болатын робот жасалды (видео)
5 жыл бұрын 2101 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Швейцариядағы Лозанн федералды политехникалық мектебінің ғалымдары тарихта тұңғыш рет жеуге болатын робот жасады. Бұл жайында progress.online ақпарат көзі хабар таратты. Швейцариялық ғалымдардың бұл жаңалығы өз кезегінде болашақта медицинаға ұшан-теңіз пайдасын тигізбек. Сөз орайы келгенде айта кету керек, соңғы жылдары швейцариялық ғалымдар әлемнің өзге елдеріне қарағанда шағын робогтар құрастыруда үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Шағын роботтар несімен артық? Ең бастысы, қолайлығымен (салмағының кемдігімен, алып жүруге ыңғайлылығымен, саңылау тауып қиын тұстардан өтіп кететіндігімен, т.б.) артықшылыққа ие. Әсіресе, медицина саласында тиімділігімен ерекшеленеді. Ағзаның тиісті жеріне дәріні жеткізіп бере алатын қабілетімен артық. Жеуге жарайтын робот осынысымен қажет. Швейцариялық ғалымдардың айтуынша, бұл робот желатин мен глицерин негізінде жасалған. Титтей механизмнің тарлық тетігі мен деталі, соның ішінде, датчигі де, манипуляторы да, батареясы да жеуге жарамды әрі адам денсаулығына еш зияны жоқ. Дегенмен оның дәмі ұнай қоймайды. Ғалымдар бұл құрылғыны одан ары жетілдіруді көздеп отыр. Бұл тек уақыт еншісіндегі мәселе.

0 пікір
Мұрағат