Жерде судың қалай пайда болғаны анықталды
Жерде судың қалай пайда болғаны анықталды
2 ай бұрын 1238 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар жерде судың қалай пайда болғанын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Green Matters ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өмірдің пайда болуына әрі тіршіліктің қайнар көзіне айналған ресурстың жер планетасына ғарыштан келгеніне қатысты моделді үсынды ғалымдар. Ертеде жер тым ыстық болғандықтан су буын ұстап тұра алмайтын, дәлірегі, ыстықта ылғал болмайтындығы белгілі. Бастапқыда су геологиялық белсенділіктің (мысалы, жанартау) нәтижесінде пайда болғаны жөнінде болжам айтылған, алайда, кейінгі зерттеулер бұл гипотезаны жоққа шығарды, яғни, судың жерден тыс аймақта пайда болғанын көрсетті. Метеориттердің құрамын талдау нәтижесі жер суының құрамы Марс пен Юпитер арасындағы көміртекті астероидтегі суға барынша жақын екенін көрсетті. Бұл астероидтер жас Күн жүйесін жабатын сутегіге бай протопланеталық дискіде пайда болды. Сонымен су жерге қалай тап болды? Протопланеталық диск шашырағаннан кейін астероидтер қызып, мұздың еріп, буға айналу процесі жүрді. Осылайша су буы күнді айналасоқтаған газ дискілеріне шоғырланды. Динамикалық процестер бұл дискілерді күн жүйесінің ішіне қарай бағыттады, нәтижесінде жердің гравитациясы немесе тартылыс күші су буын өзіне тартты. Бұл процесс күн пайда болғаннан кейін 20-30 млн жыл өткен соң орын алды. Марыс пен Шолпан планеталары да суды сіңіргенімен қорғау тетіктерінің болмауынан оны ұстап тұра алмады. Ал жер атмосфера мен магнитті өріс арқылы суды өзінде сақтап қалды. Жаңа модел судың тек мұхиттарда ғана емес, сонымен қатар, жердің мантиясында да қалай пайда болғанын көрсетіп берді. Бұл гипотеза Hayabusa 2 және OSIRIS-REx миссияларымен, сондай-ақ, ALMA телескобымен бақылау нәтижелерімен расталды.

0 пікір
Мұрағат